Аммиактан уланып жатқан ауыл

24.03.2018, 00:45

2

Ақмола облысына қарасты Зеленый Бор ауылының тұрғындары тауықтың саңғырығынан уланып жатыр. Бар мәселе ауыл маңында орналасқан құс фабирикасынан пайда болып отыр.Үш жылдың төңірегінде құс фабирикасының ауласынан тауықтың саңғырығы сыртқа шығарылмаған. Салдарынан тау болып үйілген, ашық аспан астында жатқан құстың  қиынан ауаға улы зат тарап жатыр.-Ашық аспан астында жатқан тауықтың саңғырығына су тиген уақытта, одан ауаға аммиак тарайды. Ол аулада шамамен 100 тоннадай тауықтың қиы жатыр. Әсіресе, көктем кезінде аммиактың ауаға тарау қауіптілігі жоғары. Ауылымызда соңғы уақытта  онкологиялық аурулар жиілеп кетті,– дейді ауыл тұрғыны Юрий ЧЕТВЕРУХИН. Бұл жағдай өңірдегі туризмнің дамуына да кері әсерін тигізбек. Себебі –  Зеленый Бор ауылы  Щучинск -Бурабай курорттық зонаның аумағына кіреді. президент үкіметке  бұл аумаққа туристтерді молынан тарту үшін 2020 жылға дейін межеленген арнайы бағдарламалық  тапсырма жүктеп отыр. Дамыту үшін мемлекет қазынасынан 63,1 млрд теңге бөлінген.2500-ден астам халқы бар Зеленый бордың тұрғындары жергілікті әкімдік пен құзырлы органдар бұл мәселені тездетіп қолға алмаса, аммиактан жақын маңдағы өзен-сулар мен ағаштар да бүлінуі ықтимал дейді. Құс фабирикасы қожайындарының бейқамдығына қарсы болған бір топ адам талай мекемеге шағымданған. Алайда нәтиже жоқ.«Агроинвест-2015» ЖШС-не қарайтын құс фабирикасының  басшысы Әнуарбек ТҰМАНОВ мұндай мәселенің бар екенін мойындап отыр. Айтуынша, үш жыл бұрын құс фабрикасын сатып алған. Мұншалықты мол көлемде тауық қиының аулаға жиналауын басшы қоқыс полигонының жабылып қалуымен түсіндірді. Әкімдік бір ай бұрын ауылдан 10 шақырым жерден тауықтың саңғырығын төгуге алаң берген екен.–Тауықтың қиы үш жылдай шығарылмаған. Берілген алаңның көлемі 10 гектарды құрайды. Сол жаққа төрт жүк көлігі құстың қиын күнде тасып жатыр. Қазір аумақта 70 тоннадай қи бар. Бұл бір-екі күнде біте қоятын шаруа емес. Толығымен полигонға шығару үшін кемінде  үш айдай уақыт қажет, – дейді Әнуарбек Тұманов.

Ерболат Асылбеков, Ақмола облысы

Фото: авторлардікі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13