АМӨЗ-де тағы жанжал: ҚМГ комиссиясы жұмысқа кірісті
Мамандар кәсіпорын туралы бұрын әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратты мұқият зерттеп жатқаны хабарланды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
«ҚазМұнайГаз» Атырау мұнай өңдеу зауытында арнайы комиссияның жұмысын бастағанын хабарлады.
Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметіне өндірістік, қаржылық және құқықтық аспектілер бойынша егжей-тегжейлі аудит жүргізілетін болады. Атырауға келген «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев кәсіпорында өндірістік кеңес өткізді. Зауыт жұмыс істеп тұрғаны және мұнай өнімдерін қалыпты түрде жөнелтуді жалғастырып жатқаны атап өтілді.
«ҚМГ Атырау мұнай өңдеу зауытының өндірістік персоналына тиісті жағдай жасау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Біздің комиссия ағымдағы жағдайды объективті түрде қарайды. Сонымен қатар, бүгінгі таңда ұжымның негізгі міндеті – үздіксіз өндірісті қамтамасыз ету және жүк тиеу қарқынын сақтау», - деді ол.