Амстердамда туристерді пышақтаған Ауғанстан азаматы 25 жылға сотталды

16.10.2019, 02:00

4

АҚШ туристерін пышақтаған Ауғанстан азаматы Нидерландыда 26 жылға сотталды. Сот шешімі бойынша, Ауғанстан азаматы зардап шеккендерге екі миллионнан еуродан астам өтемақы төлеуі тиіс.

Ауғанстан азаматын жергілікті жерде өткен конкурстағы Мұхамммед пайғамбардың карикатурасы ызаландырған. 2018 жылы Германиядан Амстердамға келіп, вокзалда екі адамға пышақ салған. Соның салдарынан біреуі сал болып қалған.

NL Times сайты 20 жасар айыпталушыны Джавед С. деп атайды. Полиция бұрын оған террорлық қылмыс жасауға не түрткі болғаны жайлы хабарлаған еді. Айыпталушының өзі қылмысын мойындап, ислам дінін «қатыгез және қара ниет адамдардан қорғағысы келгенін» айтқан және жергілікті тұрғындарды емес, туристерді жаралағаны қателік болды деп санайтынын білдірген.

Медициналық сараптама айыпталушының психикасында ауытқу болуы мүмкін деген болжам жасағанымен, нақты қорытынды шығармаған.

Бұрын Нидерланд тарапының сұрауымен Германияның құқық қорғау органдары Ауғанстан азаматының Германиядағы мекенін тінтіп, ол жерден қоғамға қатер төндіретіндей белгілер байқалмағанын мәлімдеген. Желтоқсан айында Германия соты айыпталушыға босқын мәртебесін беруден бас тартты. Босқын мәртебесін сұраған азаматтың Ауғанстанда саяси қуғын-сүргінге ұшырамағаны, өміріне қауіп төніп тұрмағаны алға тартылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27