Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:40

Анасын қорғауды сұраған бес балаға баспана беріледі

1
Фото: скриншот

Ақтөбе әкімдігінде балалардың қауіпсіздігі мен жауапты мекемелердің әрекетіне қатысты мәселе талқыланды.


Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың айтуынша, бес баланы орналастыру және олардың өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылданады.

– Бес баланы орналастыру керек. Қалған мәселелерді біз қолға аламыз, одан бас тартпаймыз. Біз үшін ең маңыздысы – олардың болашағы. Егер заңбұзушылық болса, кінәлілер жауапқа тартылады. Балалардың тағдыры тікелей бақылауымда болады, - деді өңір басшысы.


Әкімдік отбасыны баспанамен қамтамасыз ету мәселесі де шешілетінін хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе қаласында 5 баланың анасы туысының өтінішімен негізсіз түрде жындыханаға жіберілгені, ал оның балалары қазір жалдамалы пәтерде тұрып жатқаны туралы хабарланды.

Отбасы бұған дейін Қобда ауданында тұрған. Ата-анасы ажырасқаннан кейін қалаға көшіп келген. Осы кезде туыстар арасында мүлікке байланысты дау туындап, соңы осындай жағдайға ұласыпты.

Үйдің үлкені Құралайдың айтуынша, нағашы тәтесі дәрігерлерге «анасы есінен айрылған, балалары қараусыз қалған» деп жалған ақпарат берген. Содан кейін анасын күштеп ауруханаға жатқызған. Ал тәтесі қыздың телефонын пайдаланып, үйді сатып, таныстарынан ақша алған.

Тегтер: