Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:23, 04 Сәуір 2019

Анатолий Визирякин: Бекзат бокстың керемет фанаты еді

4 сәуір –олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың туған күні.

Бекзаттыңбапкері Анатолий Визирякинді ұзақ жыл іздедім.

Бокс айналасындағы азаматтардыңбәрінде дерлік білікті маманның байланыс нөмірі жоқ болып шықты. Ресейге қонысаударғанынан бәрі хабардар, бірақ нақты қай жерде екенін ешкім білмейді.Ғаламторға жүгіндім. Сараң ақпарат қана бар. Сөйтіп жүргенде, 2017 жылдың шілдеайында Google жарықтық қасаң болса да, нақты ақпаратты сақ еткізгені.«Визирякин Анатолий Петрович, І дәрежелі оқытушы-бапкер. Ресей Федерациясы,Ненец автономиялық округі, Нарьян-Мар қаласы, «Лидер» балалар мен жасөспірімдерорталығы» деп тұр. Орталықтың электронды поштасына хатжолдап жібердім. Бірақ жауап берілетініне сене қоймадым. Арада екі ай өткендепоштама Виктор Миненков есімді азаматтан хат келіп тұр. «Мен сізгеА.П.Визирякиннің өтінішімен хат жазып отырмын. Ол кісіні қазір жұмыс істейтінмекеменің сайты арқылы іздестіріпсіз. Өкінішке қарай, Петрович компьютермен,ғаламтормен қатты дос емес, сондықтан хабарласса деп телефон нөмірін жазып жіберуімдітапсырды» делініпті хатта. Дереу Визирякин мырзамен байланысқа шығып, сұхбаталуға келістім. Міне, содан бері екі жылға жуық уақыт өтті. Мен жолдаған 15 сұраққабапкер қатты ойланған секілді. Жұмыстан қолы қалт еткенде қағазға түсіріп жүріпжеті беттік жауап жолдады. Жақында ғана. Алайда әлі де соңғы сұрақтарға жауабыдайын емес. Өзі сырқаттанып қалыпты. Тезірек айығуына тілектестік білдіреотырып, Анатолий Петрұлына сұхбаттың қолда бар бөлігі «Жас Алаш» газетінежарияланатынын ескерттім. Жауаптардың бір парасы төменде.

— Бекзатты қайдан, қалай таптыңыз? Біреусіздерді таныстырды ма, әлде ол жайлы алдын ала хабарыңыз болды ма?

— Мен оны іздегенім жоқ. Бұл күнде ол сәт бір тарихқаайналды. Мен Шымкенттегі Орталық стадионның мектебінен шығып келе жаттым. Бірер адам жақындап келді де:

— Сіз Анатолий Визирякинсіз бе? – деп сұрады. – Секцияңызға Бекзат есімдіұлымды берсем деп едім. Сіздің жаттықтырғаныңызды жөн көремін.

— Ешқандай мәселе жоқ, – дедім мен. – Ол үшін балаңыздың денсаулығы туралыдәрігер анықтамасы, өз атыңыздан өтініш керек. Сосын, жаттығу кестесіналасыздар да, ҚКТУ-32 (қалалық кәсіптік-техникалық училище – ред.) залына келесіздер.

— Біз Түркістанда тұрамыз, – деді ол.

— Ал бала қайда жатады, туыстарыңыздың үйінде ме?

— Жоқ, таныстардың үйінде.

Бекзаттың әкесі Сейілхан Саттарханұлымен осылай таныстым. Екеумізәңгімелесе келіп, мәселенің шешімін тапқандай болдық. Сол кезде қалада дарындыбалаларға арналған спорт мектебі ашылып жатыр еді. Мектеп директоры АқжолАсқаровпен сөйлесетінімді, егер ол кісі келіссе, өзім телефон соғып, Бекзатты 1қыркүйекке таяу шақыратынымды айттым. Директор келісімін берді, баланың жатынорны мен тамағы толық шешілді. Мен Сейілханға қоңыраулаттым. Бекзат 3қыркүйекте келді, қасында тағы екі бала бар екен.

Тағы да директорға кірдім, қуанышымызға орай, ол бетімнен қаққан жоқ.«Бөлме таңдаңыздар, қалағандарыңызша реттеп, интернаттың залында жаттығаберіңіздер», – деді А.Асқаров. Оқу бөлмелерінен үстел, орындық, тумбочкаларалып, жатын орынды өзіміз жасап шықтық. Әктедік, сырладық.

— Бекзаттың боксқа бейімі қандай болды?Таланты аңғарылып тұрды ма? Қандай қасиетін бірден ерекше дамытуға кірістіңіз?

— Оның ешқандай мектептен өтпегені бірден байқалды.Керемет талант деп бірден тап басып айту да қиын еді. Мен оған бокстыңқыр-сырын басынан бастап үйретіп, тәрбиелеп, бақылауға кірістім. Өйткені солбалаларға жауапкершілікті өз мойныма алдым ғой. Алғашқы айда күніне бір ретжаттығу жасап жүрдік. Таңертең көппен бірге дене қыздыру жаттығуларын жасайды,түстен кейін залға, менің қарамағыма келеді. Сосын, күніне екі рет жаттығуғакірістік. Таңертең интернатқа баратынмын. Ол кезде онда зал жоқ еді. Мәжілісзалында, станоктары әлі де алынбай тұрған шеберханаларда жаттығу жасадық.Таңертең балалар мектепке кететін, түстен кейін бокстың қыр-сырына қанығатын.Бір жыл бойы осылай дайындалдық. Сәуір-мамыр айларында жасөспірімдер мен жастарқұрамасы таулы жерде жаттығатын болды да, мен Бекзатты және қасындағы балалардытастап кетуге тиіс болдым. Бірақ оларды жаттығусыз қалдыруға болмайтын еді.Тағы да А.Асқаровтың есігін қағып, жиынға қаржы сұрадым. Ақжол мырза өтінішімдітағы орындады, әлі күнге алғысым шексіз. Осы жиын балалардың өсе түсуіне үлкенсерпін берді. Жиыннан кейін балалар үйлеріне кетті. 1 қыркүйекте Бекзат пенТілманов есімді бала қайтып келді. Біз бұрынғыдан да көп тер төге түстік, ендікемелдене түсуге жұмыс істедік. Мен Қазақстанның жасөспірімдер мен жастарқұрамасында аға бапкер болғандықтан, Бекзат осы құраманың бас бапкері ДавидКостоевтың басшылығымен бірде-бір жиынды қалдырған жоқ. Осылайша біз шеберліктіжетілдіре бердік.

Мектепті бітірген соң, Бекзат дене тәрбиесі және спортинститутының бапкер-оқытушы мамандығына түсті. Ары қарай боксты жалғастыру тағықиын болды. Мектепті тәмамдаған соң, жас дәрежесі бойынша интернатта тұраалмайтын еді. А.Асқаров тағы да жақсылық жасап, екі, әлде үш айға сонда тұруғарұқсат берді. Кез келген комиссия оны қатаң жазалай алатын еді. Бұл кезде дежолымыз болды. С.Оңғарбаев деген азамат (Визирякин директор деп көрсетіпті – ред.) бос тұрған балабақшаны сатыпалып, спорт мектебіне ыңғайлады. Бұл бос ғимарат еді, ішінде ештеңе жоқболатын. Бір бөлмесін балаларға берді.

— Анатолий Петрович, түнде мұнда біреулер жүреді, – депқалжыңдайтын Бекзат. Тамақ жағын бір кафемен келісе отырып шештім,жеміс-көкөністерді базардан алып жүрдік. Ағайынды Росимовтар қатты көмектесті,олардың біреуі орталық базардың директоры еді.

— Бекзат осы кездерде ерекшелене бастады ма? Бокстықаншалық жақсы көретін еді?

— Жаттығу мен жиындарға қалмай қатысудың өзі – еңбексүйгіштіктің белгісі.Бұл кездерде оның фанатизмі көзге ұра бастады. Анықтап айтайын. Мысалы, солқолмен немесе оң қолмен тіке ұру техникасын, тактикасын үйретсең, қосар соққыныол кемеліне жеткізе үйреніп алатын. Бірақ басқа әдіс ақсап жатады. Бекзат оныда үйреніп алғанша тынбайды. Нені тапсырсақ та тез қанығып, техникасы ментактикасын, физикалық және ерік-жігер, жауынгерлік арнайы дайындығын тез-ақжетілдіре түсті. Футболды, баскетболды жақсы ойнайтын, басқалар бес шақырымғажүгірсе, ол он шақырымды артқа тастайтын. Жеңіл атлетика бойынша бапкерлер оныөздеріне алғысы келіп өтініш жасайтын. Адаммен тез тіл табысып кететін еді,қалжыңы да орайлы, гитараны да жақсы тартатын. Оның бокстың бүге-шігесін тануғадеген мақсаткерлігі мен еңбексүйгіштігі әр жылдың соңында керемет байқалатын.

Мына бір оқиға есімнен кетпейді. Жаттығуды қолға алғанымызға үшінші жыленді басталғанда Астанада бір турнир өтті. Бекзат финалда қостанайлық бірбаламен жұдырықтасып, 5:0 есебімен жеңді. Әлгі баланың Ким деген жаттықтырушысытөрешілерге жүгіріп барып айқайлай бастады. Не үшін айқайға басқанын әлітүсінбеймін. Төрешілер шешімін өзгертпеді, Ким осы кезде қатты ауырып қалды.Жедел жәрдем шақырды. Киім ауыстыратын бөлмеде Бекзатпен жекпе-жек туралысөйлесіп тұрғанымда Д.Костоев келді де:

— Анатолий Петрович, Бекзатонсыз да құрамаға кіріп тұр. Оның финалдағы қарсыласының бапкері жүректалмасына ұшырап қалды ма, жедел жәрдем алып кетті, – деді.

— Бекзатпен сөйлесемін, не дерекен, көрейік, – дедім мен.

Бекзат мұның бәрін дұрыс қабылдады. Өз ойымша, ол маған сенген сияқты.Жеңіс әлгі балаға берілді. Мен Бекзаттың бұл қылығын қалай бағаларымдыбілмеймін: мейірімділік пе, адамгершілік пе? Дәл сол сәтте біз бір-біріміздіжақсы түсіндік. Содан жаттығуды жалғастырып, біріншілікке дайындықты пысықтайбердік.

1998 жылдың басында Бекзат облыстық жарысты жеңіп алды да, Қостанайқаласындағы Қазақстан чемпионатына бірінші нөмірлі боксшы болып барды. Әрине,басты қарсыласымыз кім екенін жақсы білеміз. Біз нақты, сенімді түрдедайындалдық. Финалда баяғы Кимнің шәкіртімен қайта кездестік. Бекзат екіншінөмірмен жұмыс істеп жүр. Тіпті жергілікті жанкүйерлердің тең жартысы Бекзатқаболысып кетті. Ол жекпе-жекті әдемі жүргізіп жатты. Қай раунд екені есімде жоқ,Бекзат оң қолымен ұрып, қарсыласының дәл көзінен тигізді. Қарсыласы көзконтузиясын алды, оны жедел жәрдем алып кетті. Содан кейін мен ол баланыбокстан көрмедім.

Сөйтіп, Бекзат Қазақстан жастар құрамасында өз салмағының бірінші нөмірлібоксшысына айналды. Соның арқасында қаржыландыру да жеңілдеді, енді жиындар менжарыстарға ел атынан барудың мүмкіндігі туды.

— Бекзаттың ең алғашқы ірі халықаралықтабысы – Аргентинада жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдесі.Сол кезде қасында болдыңыз ба? Ол өзі де, мамандар да алтынға лайықты депсанады. Финалда, шынында да, Бекзатты аяқтан шалды ма? Бұл сәтсіздікті ол қалайқабылдады?

— Аргентинаға Қазақстан жастарқұрамасын Д.Костоев екеуміз апардық. Құрама жастар арасындағы халықаралықжарыстарда олжа салған сайдың тасындай жастардан іріктелген еді. Жігіттердіңбәрі ең жоғары марапатқа лайық болатын, Қазақстан құрамасының жақсы нәтижекөрсеткені де содан. Аргентинадағы біріншілік 1998 жылдың 6-16 қарашасы аралығындаБуэнос-Айрес қаласында өтті. Бекзат бұл додада кубалық боксшымен аса көрнектіжекпе-жек өткізді. Кейін бұл боксшы Сиднейде басқа салмақ дәрежесінде олимпиадачемпионы атанды (Визирякин мырза Гильермо Ригондоны айтып тұрған сияқты. ОлБекзатпен құрдас, Сиднейде және Афиныда 54 келі салмақта олимпиада чемпионыатанды – ред.). Шабуылды ұнататынспортшы, денесі мығым, мектебі мықты. Біз оның барлық жекпе-жегін қарап шықтық.Негізгі тапсырма – оны алыс қашықтықта ұстау, үнемі қозғалып жүріп соққысынанжалтарып отыру. Бірінші раундтың соңында Бекзат қырағылығын сәл жоғалтып алды,қарсылас дереу соққы жұмсады. Бекзат 360 градусқа бұрылды да, дереу еңсе түзеп,сағат секілді жұмыс істей бастады. Тапсырмамызды мүлтіксіз орындады. Екіншіраундтан-ақ шәкіртімнің басымдығы көзге ұра бастады. Үшінші раундта Бекзаттіпті күшейе түсті, сөйтіп, тамаша жеңіске жетті. Ең бастысы, бүкіл залБекзатқа жанкүйер болды. Артынан бәрі келіп құттықтап жатты. «Бұл жекпе-жектуралы фильм түсірсе де артық емес» десті олар.

Әрбір жекпе-жекте спортшы барын салып, мақсатынан айнымауға тиіс. Кездесудіөткізудің техникасы мен тактикасы жадынан шықпағаны жөн. Уақтылы бейімделебілу, мықты ерік-жігер, еңбексүйгіштік, шыдам, салқынқандылық – боксшығакеректі қасиет. Финалдағы қарсыласы украиналық Сервин Сүлеймановтыңжекпе-жектерін алдын ала қарап алғанбыз. Бекзат бірінші нөмірмен жұмыс істеугетиіс болды, бұл тапсырманы ол мүлтіксіз орындады. Бекзат бірінші минуттан-ақкездесу тізгінін қолына алды. Ұпай екі жаққа кезек беріліп жатты. Шәкіртімбарын салды, жеңіске жеткісі келді, жанын аямады. Үшінші раундтың үзілісіндеодан «әлі де қоса аласың ба?» деп сұрадым. Ол шаршы алаңға шыға салып, қосарсоққыны бірінен кейін бірін он бес рет жұмсады. Қарсылас сансырап қалды. Бірақтөрешілер Бекзатты қысты, ұпайды қарсыласқа санай берді, жекпе-жек соңына дейінсол беттен танған жоқ. Давид Абдуллаұлы екеуміз қатты ренжідік. Тіптіорындықтан тұруға құлқымыз болмады. Айтарға сөз жоқ еді. Зал наразылықбілдіріп, айқайға басты, ысқырды. Костоев төрешілер үстеліне барып анықтамақ болды.Ондағылар есептің 5:0 екенін, енді ештеңе істей алмайтынын айтып қайтарды. «Бірсағат ішінде жазбаша түрде қарсылық жазып, жарыс ережесі бойынша, жекпе-жектібарлық тараптан камераға түсіру үшін 1000 долларды қолма-қол төлеңіздер» дедіолар. Бекзат әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Біз қатты ренжідік,осындай сезіммен елге қайттық. Бірақ еңсемізді түсірмедік, жаттығуға қайтакірістік.

Құшақтаптұрып, «олимпиада чемпионы боламын» дегені есімде

— Ұлттық құрамаға дейінгі жолды Бекзат өте жылдам жүріпөтті. Сіз осылай болатынына сендіңіз бе? Ол кезде ұлттық құрамада біріншінөмірлі боксшы Бақтияр Тілегенов еді. Құрама бапкерлері ішінен қай маманБекзатқа алғаш назар аударды?

— Жасөспірімдер арасынан ересектерге өту үшін екі жылдай уақыт керек. Біз1998 жылдың соңына қарай Қарағандыда өтетін Ғ.Жарылғапов турниріне дайындалабастадық. Оның мәртебесі Қазақстан чемпионатымен теңестірілді, яғни олимпиадағаіріктеу кезеңінің дайындығы іспетті болды. Бекзатқа ересектер арасындағы алғашқытабыс осы сында келді. Ол күміс жүлде иеленді. Финалда халықаралық дәрежедегіспорт шебері Б.Тілегеновтен (Тараз) жеңілді. Сөйтіп, ұлттық құрама сапынақабылданды. Ұлттық құраманың екінші нөмірлі боксшы болу да аз жетістік емеседі. Ол кездерде Б.Ниязымбетов, Б.Әбубәкіров, Н.Сманов сияқты мықты боксшыларспорттан кетіп жатты. Біздің алдымызда құрамадан тұрақты орын табу және біріншінөмірлі боксшыға айналу деген нақты міндет тұрды. Тілегеновтен аз ұпайайырмасымен жеңілгендіктен, біздің үмітіміз зор болды.

Үйге қанаттанып қайттық. Барлық мәселені талқыға салып, бірінші нөмірлібоксшы болуға кедергі жасайтын ештеңе жоқ деп шештік. 1999 жылдың қаңтар айындаҚазақстан жасөспірімдер құрамасы Бурабайда жаңа құраммен жиын бастады. Бұрынғықұрамның 70 пайызы ұлттық құрамадан орын тапқан-ды. Ересектердің жиыны ақпанайында Алматыда, тауда өтетін болды. Мен тағы да Д.Костоевқа телефон соғып,Бекзатты жалғыз қалдыра алмайтындықтан, жиынға ертіп барғым келетінін айттым.Біздің жаттығуымыз керек. Давид Абдуллаұлы келісім берді. Бірақ Бекзаттың жігітболғаны, ал жасөспірімдер құрамасындағылардың әлі бала екені туралы да сөзболды. Бекзат олардан бір жарым-екі есе алда болуға тиіс. Шәкіртім сенімүдесінен шықты. Ол ерік-жігерін, дене күшін, арнайы дайындықты,техникалық-тактикалық әзірлікті, мінезін, жауынгерлік қырын күшті дамытты. Бізоңтүстік облыста тұрамыз, қарды сирек көреміз, шаңғы тебе алмайтынымыз дасодан. Бекзат бәрібір алған бетінен қайтқан жоқ, үйренем дегенше сегіз жұпшаңғы сындырды. Жиын соңына қарай әбден төселіп алды. Бірақ құраманыңшаруашылық меңгерушісі затты бүлдіргеніміз үшін бізге қырын қарағаны да өтірікемес. Саттарханов әлем чемпионатының күміс жүлдегері ғой, сондықтан кешірді.Басқа балалар оған қарап шеберліктерін өсірді, Бекзатты үлгі тұтты.

Үйге келген соң, мен Бекзатты таудағы жалпы физикалық дайындық жиынына тағыжібердім. Өзім бара алмадым. Оған қатаң тапсырма жүктедім: аяқпен жақсы жұмысістеу, алға ұмтылу, дереу шегіну, қапталдағы тұрыстан ұрыс кезіндегі тұрысқаыңғайлы және қайта ыңғайсыз жағдайда тез ауысу, бір қадам артқа, екі қадам алғажасап, түрлі позицияларға орын ауыстыру, қосымша қадаммен секіру. Бұл жұмыстыңбәрін аяқ атқарады. Бекзат осыны және негізгі жұмысты істеді. Жиыннан келгенсоң Бекзат аға бапкер Александр Апачинскийдің оны биші деп атағанын айтты.

Жиын көңілінен шыққан болуы керек, Бекзат қуанышты, ырза болып, ересектартып, күшейіп оралды. Одан кейін біз техника мен тактиканы жетілдіре түстік.Ұлттық құраманың бірінші нөмірлі боксшысы болу міндетін күн тәртібінентүсірмедік. Ортаазиялық халықаралық турнир алдында Алматыда Тілегеновпенспарринг өтіп, Бекзат таза жеңіп алды. Осыдан кейін Тілегеновті құрамаданкөргенім жоқ, ол спортпен қоштасып кетті. Ал Саттарханов өз салмағында (57келі) құраманың бірінші нөмірлі боксшысына айналды.

— Сидней олимпиадасына жолдаманы Бекзат Ташкентте өткенАзия чемпионатында жеңіп алды. Бірақ тағы да финалда ол әділетсіздікке тапболды. Бекзат шаршы алаңнан кеткісі келмеді. Жағдай қалай болды? Олимпиада жолдамасынуысқа түсіргендеріңізге көңіл тоқтаттыңыздар ма, әлде алтыннан айырылыпқалғандарыңызға өкіндіңіздер ме?

— Біз Ташкентке қатты дайындалдық. Жанкешті еңбегіміз жемісін берді.Финалға еркін жеттік. Шәкіртім іріктеу кезеңінде Жай Хван Лимді (Оңтүстік Корея)– 6:5, ширек финалда индонезиялық Режи Раманандты – 6:3, жартылай финалдаМұзаффар Юсупбековті (Қырғызстан) 8:5 есебімен жеңді. Финалда тағы да төрешілерқыса бастады. Жергілікті боксшы Толқынбай Тұрғыновты Бекзат қатты тықсырды,бірақ жеңіс 1:8 есебімен қарсыласына бұйырды. Бұл жолы да төрешілерге өкпеміздіайттық, бірақ олар таразы басын кері бұра алмайтынын айтып, азарда-безер болды.«Олимпиада жолдамасын алдыңыздар ғой, одан артық не керек?» деді. Бекзатекеуміз қатты ренжідік. Бірақ құрама еншісіне олимпиада жолдамасын қосқанымызғакөңіл тоғайттық. Елге келген соң бәрін таразылап, олимпиадаға мақсат қойдық.Турист болып бармауымыз керек, олимпиада алтынын тағынып қайтуға тиіспіз.

2000 жылдың қаңтар айында Қарағанды қаласында кубалықтармен біріккен жиынөтті. Бекзатты үш күн бұрын жіберіп, өзім бір жұмыстармен кейінірек бардым.Келсем, елдің бәрі бізге қарап сыбырлап сөйлейді. Сөйтсек, Бекзаттың бүйрегіндетас бар екені анықталыпты. «Оның орнына олимпиадаға ақтөбелік Галиф Жафаровбарады екен» деген сөз естіле бастады. Мен қорқып кеттім. Таныс дәрігерлергетелефон соғып едім, олар көңілімді өсіріп қоя берді. Біз ішетін судан бүйреккетас жиналатыны рас. «Пять ног» деп аталатын дәріні ішсе, бәрі өтеді де кетеді.Екі күннен кейін осы мәселе бойынша бапкерлер кеңесі өтті. Бекзаттың бүйрегіндетас бар екені ресми айтылды. Аға бапкер Апачинскиймен дауыс көтере сөйлесугетура келді. Тіпті бір-бірімізге жұдырық түйіп, ортаға шыға келдік. Мен мұныңбәрі әншейін сөз екенін, олимпиада жолдамасын Бекзаттың өзі жеңіп алғанын,Сиднейге өзі баратынын айттым. Олардың қарсы айтар уәжі болмады, сонымен, бұлмәселеге нүкте қойылды. Әлі күнге дейін олардың мұндай әрекетке не үшінбарғанын түсінбеймін. Бокстан олимпиада жолдамасы командаға емес, нақтыспортшыға беріледі, оны ауыстырамыз дегендері қай сасқаны?

— 2000 жылдың көктемінде Бекзат қолын сындырып алды. Бұлжағдайдан қалай шықтыңыздар? Осы кезде көп адамның Бекзаттан сырт айналғаны распа?

— Қарағандыдағы жиыннан кейін олимпиадаға жоспар бойынша жаттығуды бастап кеттік.Жаттығу, жиын, жарыстарға бару өз кезегімен жүріп жатты. Түркияда олимпиадақарсаңындағы турнир өтіп, Бекзат жартылай финалда баяғы С.Сулеймановпен(Украина) жартылай финалда кездесті. Аргентинада кеткен есесін шәкіртім мықтапқайырды, бірақ қарсыласын төпелеп жүріп қолының сынғанын байқамапты. Елге ораласалып емдеуге кірістік. Орайсыз оқиға, бірақ не істерсің енді?.. Менің бұрыннанбелгілі, әбден тексерілген рецептім бар. Бір жолы барлаушы туралы кітап оқыпотырып оның жабайы аңдардың сынықты қалай емдейтіні туралы жазбасына тапболдым. Жануарлар сүйегі сынса, барып жарды жалайды екен. Демек, мыс іздейтінболғаны ғой. Сүйегі сынған аңдар біресе бір қапталын, біресе екінші қапталынмысқа үйкелейді. Бұдан кейін жарақаттанған жер ешқашан сынбайды екен. Сүйекжылдам өсу үшін табиғи кальций қажет. Жұмыртқаның қабығы – таза кальций. Оныкүнге құрғатып алып, мумиемен, таза мыспен шай қасыққа салып, кезек-кезек ішукерек. Ол үшін жұмыртқа қабығын үгітесің, мысты жонғышпен жонып аласың. Бокстақол сынса, қорғанысты, қозғалысты аяқ қимылымен жүріп жетілдіруге болады. Аяқтықозғау арқылы – денені, денені қозғау арқылы аяқты шынықтыру қажет. Он бескүннен кейін біз гипсті алып тастадық, жиырма күннен кейін Бекзат жекпе-жеккешықты. Ал шәкіртім жарақаттанғанда одан сырт айналғандардың болғаны рас.Ұяттары білсін…

Бекзаттың қолы сынғанын көп ешкім біле қоймады. Жиындар арасында аз-кемдемалыс бар еді. Біз үйде демалып, жаттығуымызды жалғастырып, жиынға ештеңеболмағандай қайта топ ете қалдық. «Қолыңды сындырып алдың ба?» деп ешкім десұраған жоқ. 

— Шәкіртіңізге сендіңіз бе? Олимпиадаға дайындық барысынқалай жоспарладыңыздар? Ықтимал қарсыластарды зерттедіңіздер ме?

— Әрине, Бекзатқа сендім. Ол олимпиада чемпионы болмаса да сенетін едім.Бастысы, олимпиада чемпионын емес, нағыз азаматты тәрбиелеу ғой. Басқасына олөзі қол жеткізеді. Мақсат, міндет, еңбек, аңсар, ұмтылыс – осының бәрі онықалаған нәрсесіне жетелейді. Ал Бекзат олимпиада чемпионы болуды армандады.

Ұлттық құрама олимпиадаға нақты бағдарламамен дайындалды. Әр күн, әр сағат,әр минут, әр секунд дәл жоспарланды. Біз бұл жоспардан еш айнымадық.Жігіттермен бірге шеберлікті шыңдай бердік, жекелеген қателіктерді түзеттік. Алкездесуі мүмкін қарсыластарды зерттегеніміз жоқ. Әлемнің әр елінен келетін 32 атлеттіжеке-жеке зерттеудің қажеті шамалы еді. Жеребе қалай түссе, соған орай көреміз.Алғашқы қарсылас Азия, Еуропа және Африкадан болатынын шамаладық. Ықтималқарсыластың бірі Рамазан Палиани (Түркия) бізбен бірге Алматыдағы ІІМшипажайында біріккен жиынға қатысты. Палианиді мен баяғы КСРО кезінен, жастармен жасөспірімдер құрамасында жүрген кезінен бері білетінмін. Бекзат екеуіспаррингке шығып көрді, шәкіртім басымдық танытты. Бірақ олимпиаданың ширекфиналында осы атақты Палиани қарсыласымыз болады дегенді ешқайсымыз даойламадық.

Олимпиадаға екі ай қалғанда Мәскеуде төрт елдің турнирі (Қазақстан, Ресей,Украина, Өзбекстан) өтті. Олимпиадаға жолдама алған боксшылардың бәрі қатысты.Жартылай финалда Саттарханов ресейлік Алексей Шайдулинді 10:4 есебімен еркінеңсерді. Финалда Сулеймановты да сондай есеппен қапы қалдырды. Бекзат турнирдіңең шебер боксшысы болып танылды. Марапаттау рәсімі де ұнады. Бекзатқа хрустальваза және керемет шеберлігі үшін хрусталь бокс қолғабын сыйлады. Бекзат қаттықуанды. Өзіне сенімі арта түсті, мақсатына жақындай берді. Бұдан кейін таудатағы бір жиын өтіп, боксшылар олимпиадаға сақадай сай болды.

— Сидней олимпиадасында Бекзат бірінші румын боксшысыОвидиу Тибериу Бобирнатпен қолғап түйістірді. Ол өзі атақты боксшы, әлем чемпионаттарыныңекі дүркін жүлдегері еді. Жеребе ауыр түсті деп ойламадыңыз ба? Жалпы,шәкіртіңіз кезеңнен-кезеңге қалай жылжып отырды?

— Олимпиадаға ұшар алдында, 5-ші, әлде 7 қыркүйекте Бекзатқа ақыл айттым.«Қалай демаламын, жекпе-жектерді қалай санамнан шығарып тастаймын, күшімдіқалай сақтаймын деп бас қатырма. Қазір қандайсың, солай еркін жүре бер» дедім.Ұшаққа отырарда Бекзат мені үлкен ұлымдай құшақтап алып: «Анатолий Петрович,уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, мен олимпиада чемпионы боламын!» – деді нықдауыспен.

Мұны өте сенімді айтқаны сонша – көзіме жас үйірілді. Мен өзімді мығымазаматпын деп ойлаймын, бірақ сол кезде босадым. Қазір де сол сәтті есіме алсамкөзім жасаурап шыға келеді. Бұдан кейін жеребені күтіп, аса ауыр сәттердібастан өткердім. Олар олимпиадаға жол тартты, біз Кубада жасөспірімдер арасындаөтетін әлем чемпионатына дайындалып жаттық. Орталық стадионда жаттығу жасапжүргенімізде жеребенің қалай түскені белгілі болды. Содан кейін көңілімжайланды. Әрине, олимпиадаға кездейсоқ спортшы бармайды. Бәрінің Олимп шыңынбағындырғысы келеді. Бекзаттың бабына сендім. Тек «бармақ басты, көз қысты»әрекеттер болмаса болғаны.

Овидиу Бобирнаттың дайындығы жақсы еді. Тәжірибесі де зор, атағы дажетерлік. Жеребеде Бекзат түскеніне оның бапкерлері қуаныпты деседі. БірақБекзат оған көп мүмкіндік бермеді. Жекпе-жекті өзі қалаған мәнермен өткізіп,14:5 есебімен жеңіске жетті.

1/8 финалда оңтүстікафрикалық Джеффри Матебула тап келді. Мен Бекзаттың оныжеңетініне сенімді болдым. Бекзат еркін қимылдады, күмәнсіз басымдық танытты.Есеп – 16:5.

Ширек финалда Р.Палианидің қарсылас болатыны анықталғанда күтпеген жағдайболыпты. Оны маған Бекзаттың өзі айтты. Осы жекпе-жекке дейінайналасындағылардың бәрі Бекзатты жеңіс сайын құттықтап, «чемпион боласың» деп қанаттандырыпжүріпті. Ал Палиани түскенде солардың көбі сырт айналып, көздерін ала қашып,ләм-мим деуге жарамай қалған. Бекзат мұны сезген, сөйтіп, қонақүйде көршібөлмеде жатқан комитет басшысының орынбасары Серікбек Түкеевке барған. «Ағай,мені сатып жіберген сияқты» депті ол. Түкеев дереу сол кездегі спорт істеріжөніндегі комитеттің басшысы Дәулет Тұрлықановқа барады. Дәулет Болатұлытөреліктің әділетті болатынын айтып сендіреді. Содан кейін ғана Бекзаттыңтынысы кеңиді. 

Олимпиада қарсаңында біз Палианидің мықты және әлсіз тұстарын бір ретталдағанбыз. Сонда Рамазанның салмағы алты келі ауыр екенін, олимпиада алдындаміндетті түрде салмақ қуатынын шамаладық. Демек, Бекзат одан екі есе жылдамбола алады. Бұл жекпе-жек туралы кеңінен айтып беремін...

Бекзат батырдың жеке бапкері Анатолий Визирякинмен сұхбатымыз әзірше осытұстан үзіліп тұр. Күні кеше хабарласқанымда, білікті бапкер шәкірттерінжарысқа дайындап жатқанын, қолы қалт етпей тұрғанын айтты. Дегенмен біз күтугедайынбыз. Олимпиада чемпионы Бекзат Сейілханұлы Саттарханов туралы мұндайтұшымды әңгімені жалғастыруға өзіміз де асықпыз. Ал сіз, мәртебелі оқырман,Бекзатты ұмытпаңыз, жадыңыздан шығармаңыз. Жиырма жасында қазақ жиырма жылкүткен олимпиада алтынын уысымызға салып беріп, ол мәңгілікке кете барды. Соданбері 19 жыл өте шықты.

Бекзат биыл39 жасқа толар еді. Бүгін – саңлақ спортшының туған күні.

Сұхбаттасқан Есей Жеңісұлы   

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!

Тегтер: