Англия полициясы: Жүк көлігінде қаза тапқандардың барлығы - Қытай азаматы

25.10.2019, 20:00

27

Британ полициясы Анлияның оңтүстік-шығысында жүк көліктен денесі табылған 39 адамның барлығы Қытай азаматы болғанын хабарлады. Олардың 31-і — ер адам, сегізі — әйел. Олардың неден өлгенін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. «Адам өлтіру» бабы бойынша күдікке ілінген жүк көлік жүргізушісінің қамалу мерзімі бір тәулікке ұзартылды.

Полиция 23 қазанға қараған түні Эссекс графтығында үлкен контейнері бар жүк көлігінен 39 адамның денесін тапқан. Көп ұзамай жүргізуші 25 жастағы Мо Робинсон есімді Солтүстік Ирландия тұрғыны ұсталды. Полиция оның Солтүстік Ирландиядағы үйлерін де тінтіген.

Полицияның хабарлауынша, мәйіттер табылған контейнер Бельгияның Зебрюгге портынан келген. Жүк көлігі Болгарияда тіркелгенмен Ұлыбританияға Дублиннен жеткен. Зерттеуге Бельгия прокуратурасы да кірісті. Олар көлікке қатысы болуы мүмкін адамдарды іздеп жатыр.

BBC сайтының жазуынша, Мо Робинсонның жақындары «оқиғаны ақпарат құралдарынан біліп, шок алған». Олар Робинсонның «оқиғаға қатысы жоқ болар» деп үміттенеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42