Әнипа Назарбаева Үшқоңырдағы колледжінен айрылды
Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаева Алматы облысындағы колледжінен сот шешімімен айрылды.
Бұл туралы «Пятый регион» жазды.
Басылымның хабарлауынша, 2023 жылдың мамыр айының соңында «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын мемлекет меншігіне қайтару туралы сот отырысы өткен.
Алматы облысының қаржы басқармасы 2022 жылдың қыркүйегінен бастап иесі елдің экс-президентінің қарындасы Әнипа Әбішқызы Назарбаева болатын "Әнипа" ЖК-ны сотқа берді.
Іс материалдары бойынша колледж кейіннен сатып алу арқылы сенімгерлік басқаруға берілді.
Сот талапкерді қанағаттандырып, шартты бұзу туралы шешім қабылдады.
«Қаржы бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің арасында жасалған 2016 жылғы 7 шілдедегі No 3 «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының коммуналдық мүлкін кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқару шарты бұзылсын», — делінген іс материалдарында.
Сонымен қатар, сот Әнипа Әбішқызынан мемлекеттік баж салығын өндіру туралы шешім қабылдады.