Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:53, 19 Мамыр 2023

Антикор Алматыда кәсіпкерлерді қорғауға арналған «Бизнес жол» жобасымен таныстырды

None
None

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп «Халықаралық инвестициялық жобалардағы сыбайлас жемқорлықпен күресу.

Бизнесті қорғау» атты халықаралық семинар ұйымдастырды.

Қазақстан өкілдері қатысушыларды елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық саясат туралы егжей-тегжейлі хабардар етіп, республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесі, бизнесті дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының тәжірибесімен де таныстырды.

Өз кезегінде жемқорлыққа қарсы қызмет семинарға қатысушыларға «Бизнес жол» кәсіпкерлерді қорғау жобасын ұсынды. Оның аясында кәсіпкерлерге нақты мәселелерді шешуде практикалық көмек көрсетіліп, талдау арқылы жүйелі мәселелер жойылады. Мәселен, жер учаскелерін ұзарту мәселесін жер комиссияларының отырыстарында қарау тәжірибесі тоқтатылды, мемлекеттік органдар өкілдерінің кәсіпкерлік субъектілерін негізсіз тексерулері жойылды, тергеу әрекеттерін жүргізу үшін кәсіпкерлерді іс-шараларға негізсіз шақырулар тоқтатылды.

Бұл ретте, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлерге көмек көрсету бойынша әзірленген тетіктерге сүйене отырып, шетелдік инвесторларға көмек көрсетуді жалғастырады. Семинар барысында Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Босния және Герцеговина, Түркия елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылары арасында кездесулер өтті.

Сондай-ақ, қатысушылар үздік тәжірибелермен және біліммен алмасуға, сондай-ақ № 16 Тұрақты даму мақсатына сәйкес «Тұрақты даму үшін бейбіт және инклюзивті қоғамдарға жәрдемдесу, барлығының сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және инклюзивті институттарды құру» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық серіктестік желісін нығайтуға мүмкіндік алды.

Мұндай айтулы оқиғаның Алматыдағы БҰҰ кеңсесі – UN PLAZA ғимаратында өткені, оның орнында Орталық Азия және Ауғанстан елдері үшін тұрақты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Аймақтық орталығын құру жоспарлануы символикалық мәнге ие болып отырғаны анық. Сонымен қатар, екі күндік семинар барысында қатысушылар халықаралық инвестициялық жобалардағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ ұлттық тәжірибелер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияларды таныстырды.

Семинар соңында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен Моңғолияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуелсіз агенттігі арасында өзара тәжірибе алмасуға, бірлескен іс-қимылдарға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Шараға халықаралық сарапшылар, сондай-ақ Австрия, Әзірбайжан, Албания, Армения, Беларусь, Босния, Герцеговина, Грузия, Моңғолия, Иран, Қытай, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Черногория сияқты елдердің өкілдері қатысты.

Тегтер: