Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:31, 30 Наурыз 2022

Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істің мән-жайын айтты

None
None

Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істің мән-жайы белгілі болды.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті. 

«Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі „Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы“ ММ лауазымды тұлғалары мен „Ария-Жаңа Астана“ ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 миллион теңге) бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Бұған дейін Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу дерегі бойынша соталды тергеу басталғаны хабарланған болатын. Ол 2 айға қамауға алынған еді.

Тегтер: