Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:50, 09 Қаңтар 2024

Антикор ҚазАвтоЖол лауазымды тұлғаларына қатысты істің жай-жапсарын ашты

антикор
Фото: из открытых источников

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты Жамбыл облысында «Қордай» өткізу пунктін салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Залалдың алдын ала сомасы 194 млн теңгеден астам, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік хабарлады. 
Соттың санкциясымен барлық күдіктілер: Қазавтожол филиалы директорының орынбасары, мердігер ұйымның өкілі және техникалық қадағалау сарапшысы қамауға алынған.

Агенттік тергеу жалғасып жатқанын, қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.