Антикоррупция қызметі мен мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылары тағайындалды

15.06.2019, 03:00

153

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алик Шпекбаев жемқорлыққа қарсы агенттік (антикоррупция қызметі) жетекшісі, Анар Жайылғанова мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы болып тағайындалды. Тоқаев жарлығы 14 маусымда Ақорда сайтында жарияланды.

Жайылғанова бұған дейін Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі, Жоғарғы сот судьясы, Конституциялық кеңестің мүшесі болған. Алик Шпекбаев 2000-2003 жылдары Алматы облысы ішкі істер басқарамасын басқарған. 2003-2008 жылдары ішкі істер министрінің орынбасары, 2008-2013 жылдары президент әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімін басқарған.

2017 жылы желтоқсанда Шпекбаев жемқорлықпен күрес және мемлекеттік өызмет істері агенттігін басқарған. 13 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл агенттікті екіге бөлген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58