AP: Ресейде кемінде 9479 дәрігерге коронавирус жұққан

23.05.2020, 03:00

4

Ресейде соңғы айда кемінде 9479 медицина қызметкеріне коронавирус жұққан. Елдің 70-тен астам аймағынан жарияланған ақпаратқа сүйенген Associated Press агенттігі осындай мәлімет жариялады.

Агенттіктің жазуынша, 70-тен астам дәрігер коронавирустан қайтыс болған және кейбір медицина қызметкерлері олардың саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтқан.

AP агенттігі жариялаған мақалада COVID-19 індеті кезінде ресейлік дәрігерлер ұшырасқан мәселелер туралы айтылған. Мақалада ауруханаларда қорғаныш құралдарының тапшылығы, мәселелерді ашық айтқан қызметкерлердің қылмыстық қудалауға немесе қоқан-лоқыға кезіккені айтылады.

Агенттік өзге медицина қызметкерлерімен бірге Мәскеу маңындағы Реутов қалалық орталық ауруханасының дәрігері Ирина Васькянинаның сөзін келтіреді. Оның айтуынша, ауруханада 40-тан астам қызметкерге коронавирус жұққан. «Новая газета» басылымы сәуір айында Реутов ауруханасындағы қызметкерлердің президент Владимир Путиннен көмек сұрап, мәлімдеме жолдағанын жазған еді.

«Медиазона» басылымы екі күн бұрын Ресейде коронавирустан кемінде 186 медицина қызметкері қайтыс болған деп хабарлаған. Басылым зерттеуінде ресейлік дәрігерлер ұйымдастырған коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің аты-жөні жазылған мемориалдық жоба дерегіне сүйенген.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43