Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:39, 28 Ақпан 2026

Апатқа ұшыраған Су-30СМ ақаусыз жаңа боп шықты

1
Фото: из открытых источников

Қарағанды облысында оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшыраған СУ-30СМ ұшағы әуеде 230 сағат қана ұшқан. Бұл туралы Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов айтты.

"Жаңа ұшақ. Ұшқыштан қателік болған жоқ. Тергеу өтіп жатыр. Соның нәтижесін жариялаймыз. Ресейде шығарылған Су-30СМ жойғыш ұшағы 2022 жылы жеткізілген. Ең бастысы ұшқыштар аман қалды. Ұшақ 230 сағат ұшқан", - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беріп.

Естеріңізге сала кетейік, 25 ақпанда Су-30СМ жойғыш ұшағы Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары барысында апатқа ұшыраған еді.

Ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасап, аман қалды.

Қорғаныс министрлігіндегілер ұшқыштардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екенін және қазіргі уақытта медициналық мамандардың бақылауында екенін айтқан.