Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:59, 26 Желтоқсан 2024

Апатқа ұшыраған ұшақтың 3 күн бұрын Түркияда қону жолығынан шығып кеткені анықталды

1
Фото: ашық дереккөз

  Ақтау маңында апатқа ұшыраған Әзірбайжан әуе жолдарының (AZAL) ұшағы өткен жексенбіде Түркияның Трабзон әуежайында ұшу-қону жолағынан шығып кеткен- деп хабарлады түркиялық Yeni Akit басылымы.

Газеттің хабарлауынша, Қазақстандағы ұшақ апатына байланысты Түркияға қатысты мәліметтер белгілі болды.

Ұшақ апатқа үш күн қалғанда, 22 желтоқсанда Бакуден Трабзонға ұшқаны анықталды.

«Радар деректеріне сәйкес, Трабзон әуежайына қонған кезде ұшқыш ұшақты екінші әрекеттен кейін ғана қондыра алған», - делінген материалда.

Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Бакуден (Әзербайжан) Грозныйға (Ресей) ұшқан Әзірбайжан әуе жолдарының ұшағы Ақтаудан үш шақырым жерде апатқа ұшырады. Жолаушы рейсі қалың тұманға байланысты Грозныйға қонуға мүмкіндік бермей, алдымен Махачкалаға, кейін Ақтауға бағыт алған. Бір нұсқа бойынша, апатқа ұшақ пен құстар тобының соқтығысуы себеп болған. Басқа БАҚ борттағы оттегі багы жарылғанын хабарлады. Embraer Ақтау әуежайына ұшуға 3 минуттан аз уақыт қалғанда рульді басқара алмай, апатқа ұшырады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бортта 69 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған:

42 Әзірбайжан азаматы;
16 Ресей азаматы;
6 Қазақстан азаматы;
3 Қырғызстан азаматы;
Ұлты белгісіз екі әйел, біреуі шамамен 32 жаста, екіншісі шамамен 40 жаста.
Әзірбайжан әуе жолдары да жолаушылардың толық тізімін жариялады.

Тегтер: