20:30, 17 Тамыз 2023
Апаттан зардап шеккен кеншілердің қалі қандай?
Осы сағатта келіп түскен ақпаратқа қарағанда, құтқарушылар шахта астында қалған 58 жастағы кеншінің мәйітін тапты.
Кен қабатынан шықпаған төрт кенші әлі іздестіріліп жатыр. Апат кезінде газдан уланып ауруханаға түскен екі кенші жансақтау өлімінде, төртеуі бөлімшеде емделуде.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі "Қазақстан" шахтасындағы өрт зардабына орай ҚР ҚК-нің 277-бабы 3-бөлігі бойынша, яғни «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу» фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Қазіргі уақытта аталған оқиғаға байланысты тергеу амалары жүріп жатыр.