Апелляциялық шағымын тіркете алмай жүрген белсенді жалғыз адамдық пикет өткізді

15.05.2020, 19:19

15

Бүгін, 15 мамырда Алматыда азаматтық белсенді Юрий Маленьких әкімшілік сот ғимараты алдында жалғыз адамдық пикет өткізді. Ол өзіне қатысты сәуір айында шыққан сот қаулысына қарсылығын білдіріп, апелляциялық шағым түсіргенімен, бір айдан аса уақыттан бері оны тіркемей отырған сотқа наразылығын жеткізді.

«Сот жүйесіндегі бассыздыққа қарсымын» (Протестую против произвола судебной системы РК) деген жазуы бар плакатты ашқаны сол еді, белсендіге жергілікті әкімдік өкілі Бекжан Сәрсенбаев келіп, бұл әрекеттің рұқсат етілмегенін ескертті.

Азаматтық белсенді Юрий Маленькихтің әкімшілік сот алдындағы бір адамдық пикеті. 15 мамыр 2020 жыл. /> Азаматтық белсенді Юрий Маленькихтің әкімшілік сот алдындағы бір адамдық пикеті. 15 мамыр 2020 жыл.

— Мен бейбіт пикет жасау үшін келдім. Мәселемнің шешілгенін қалаймын. Геннадий Крестьянский екеуімізді «билік өкілінің талабына қасақана түрде бағынбады» деп, заңсыз әкімшілік жазаға тартты. Ондай жайт болған жоқ, біздің атымыздан жалған шағым түсірген, — дейді Маленьких.

Наурыз айының ортасында коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланғаннан кейін белсенділер Юрий Маленьких пен Геннадий Крестьянский Алматыдағы блокпосттарды аралап, оның жұмысын баяндап, әлеуметтік желіде тікелей эфирге шыққан. Видеода белсенділер қалаға шығаберісте қойылған блокпосттардан тыйым салынғанына қарамастан өтуге мүмкіндік барын, полицейлер жетіспейтінін айтып, бұл жерге бейнекамералар орнату қажеттігін айтқан. Посттағы кей қызметкерлердің өздері қауіпсіздік ережелерін сақтамай жүр деп сынаған.

Үш күннен соң, 29 сәуірде Юрий Мальенькихке «Билiк өкілінің талабына қасақана бағынбау» (478-бап) бабы бойынша айып тағылып, оны екі тәулікке қамау туралы қаулы шыққан.

— Менде адвокат болмағандықтан сол күні апелляциялық шағым түсіре алмадым. Изолятордан шыққаннан кейін шағым түсіру үшін сотқа келіп едім, мұндағылар карантин деп шағымды онлайн түсіру керектігін айтты. Мен онлайн түсіре алмаймын, сондықтан пошта арқылы жібергем. Курьер сотқа барғанмен одан шағымды қабылдамаған. Енді міне, бір жарым айдан аса уақыт өтті, шағымым әлі тіркелген жоқ, — деді белсенді.

Сәлден соң сот ғимаратының алдында тұрған Юрий Маленьких шағымды жіберген курьерге хабарласып, шағымын соттың канцеляриясы қабылдап алғанын білді. Бірақ шағым уақыты өтіп кеткендіктен енді сот төрағасының атына арыз жазып, шағымын қарауды сұрауы тиіс екен. Бір жарым сағаттан аса уақыт өткеннен кейін белсенді шағымын жазып, канцелярияға тастап кетті.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04
  • Қымбатқа түскен «ноу-хау»
    22.10.2020, 10:52
  • Д. Ахметов: «Азаматтың қазасына себепкерлер жазасыз қалмайды»
    22.10.2020, 09:42
  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28