Апелляциялық сот белсенді Крестьянскийдің шағымын қанағаттандырмады

25.09.2019, 20:00

19

25 қыркүйекте Алматы қалалық апелляциялық соты "Қытай жобаларына қарсы" наразылық акциясына қатысқаны үшін 15 тәулікке қамалған алматылық белсенді Геннадий Крестьянскийге шыққан шешімді өзгеріссіз қалдырды. Крестьянский бұған дейін бірінші инстанцияда шыққан шешімді заңсыз деп тану туралы сотқа өтініш түсірген.

Апелляциялық сот отырысы Лобачевский көшесіндегі арнайы қабылдау орнында өтті. Бірақ оған журналистерді де, белсендіні қолдап келген азаматтарды да кіргізбеді. Істі судья Сейілхан Ташполатов қарады.

Сот отырысы біткеннен кейін белсендінің адвокаты Салауат Сәскебаев журналистерге «сот шешімімен келіспейтінін» айтты.

— Сот шешімімен келіспейміз. Кассация мәселесін әзірге Крестьянскиймен ақылдасып үлгермедік. Кассацияға уақыт бар, — деді ол.

Кеше, 24 қыркүйекте Алматы қалалық апелляциялық сотында Крестьянскийдің жағдайы нашарлап, оны жедел жәрдеммен алып кеткен еді.

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title="Қамауда аштық жариялаған белсендіні соттан ауруханаға әкетті" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Қамауда аштық жариялаған белсендіні соттан ауруханаға әкетті please wait <video poster=«gdb.rferl.org/88AB25D9-0C04-4620-8C48-7DC00EC2C896_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2019/09/0/0f/0f034d6b-3552-4377-b060-1f2163d10e71,_mobile,,_hq,_fullhd,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/0/0f/0f034d6b-3552-4377-b060-1f2163d10e71.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/0/0f/0f034d6b-3552-4377-b060-1f2163d10e71_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/0/0f/0f034d6b-3552-4377-b060-1f2163d10e71_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/0/0f/0f034d6b-3552-4377-b060-1f2163d10e71_mobile.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/0/0f/0f034d6b-3552-4377-b060-1f2163d10e71_mobile.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«270p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/0/0f/0f034d6b-3552-4377-b060-1f2163d10e71.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/0/0f/0f034d6b-3552-4377-b060-1f2163d10e71.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/0/0f/0f034d6b-3552-4377-b060-1f2163d10e71_hq.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/0/0f/0f034d6b-3552-4377-b060-1f2163d10e71_hq.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«720p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/0/0f/0f034d6b-3552-4377-b060-1f2163d10e71_fullhd.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/09/0/0f/0f034d6b-3552-4377-b060-1f2163d10e71_fullhd.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=30181291&SiteId=5&r=2012581970&it=0&pd=20190924121500» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title="Қамауда аштық жариялаған белсендіні соттан ауруханаға әкетті"> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
Қамауда аштық жариялаған белсендіні соттан ауруханаға әкетті
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30181291.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:02:02 0:00 Жүктеп алу

Адвокатының айтуынша, бүгін оның жағдайы кешегіге қарағанда тәуірлеу көрінген.

— Сотқа өз аяғымен жүріп келді. Дәрігерлер оған иммунитетін көтеру үшін тамақ іш деп айтқан. Бүгін ол тамақ ішкен. Бірақ аштықты тоқтатты не тоқтатпады деп нақты айта алмаймын, — деді ол журналистерге.

18 қыркүйек Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Геннадий Крестьянскийді «рұқсат етілмеген акцияға қатысты» деп 15 тәулікке қамаған. Оны сот 4 қыркүйек күні Алматыда болған "Қытай жобаларына қарсы акцияға қатысқаны үшін" әкімшілік жазаға тартқан. Сот кезінде Крестьянскийдің денсаулығы нашарлап, екі рет жедел жәрдем көлігі шақыртылған еді. Крестьянский мен адвокаты Салауат Сәскебаев істі денсаулығына байланысты кейінге қалдыруды сұрағанмен, өтініштерін сот қанағаттандырмаған.

Кейін адвокат Салауат Сәскебаев Геннадий Крестьянскийдің аштық жариялағанын хабарлаған. Белсенді изоляторда жатқан кезде бірнеше рет қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем келген еді.

16 қыркүйектен бері Қазақстанның бірнеше қаласында 30-дан астам белсенді әкімшілік жазаға тартылған. Оннан астам адамды полиция шақырып, жауап алған. Олардың көбі – қыркүйектің басында "Қытай жобаларына қарсы акцияға" қатысқандар.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04