Apple АҚШ нарығы үшін iPhone өндірісін Үндістанға көшіруді жоспарлап отыр

iPhone смартфондарының көпшілігі әлі де Қытайда шығарылады.
Apple келесі жылы Трамп бастаған сауда соғысы жағдайында АҚШ нарығына арналған барлық iPhone телефондарының өндірісін Қытайдан Үндістанға көшіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Financial Times.
Apple бұған дейін жеткізу тізбегін әртараптандыруға ұмтылды, бірақ енді бұл процесті жеделдетуге ниетті, деп жазды басылым.
Компания жыл сайын АҚШ-та сатылатын барлық 60 миллион iPhone-ды 2026 жылдың соңына дейін Үндістанда жинауды мақсат етіп отыр - бұл елдегі құрылғы өндірісін екі есеге арттыруды талап етеді.
Apple соңғы жылдары Foxconn және Tata Electronics компанияларымен келісім-шартқа отыру арқылы Үндістандағы өндірісті ұлғайтуға күш салғанымен, iPhone смартфондарының негізгі бөлігі әлі де Қытайда шығарылады.
Қытай биыл АҚШ президенті Дональд Трамп енгізген ең үлкен тарифтердің нысанасына айналды.
Вашингтон сәуір айының басында үнділік импортқа 26 пайыздық баж салығын жариялады, бірақ бұл шешім уақытша тоқтатылды.
International Data Corporation мәліметтері бойынша, өткен жылы дүниежүзілік iPhone сатылымының 28 пайызға жуығы АҚШ-қа тиесілі.