Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 05 Қазан 2021

Апыр-ай, Ресейде неше Путин бар?

None
None

      Ресей халқының арасында Путиннің двойниктері туралы небір қауесет жүр. Кейбір деректер тіпті кәдімгідей дәлелдерді келтіріп, ойландырып тастайды.

Сонымен, Путиннің двойниктері туралы әр жерде жарық көрген ақпараттарды жинақтап саралай келгенде, мынадай пайымдар шығады: журналист һәм блогер Вадим Шарфтың айтуынша, Путиннің двойнигі бар деген әңгімелер алғаш рет 2013 жылдан бастап шығыпты. Тура сол кезеңде Путиннің өзі ұзақ уақыт бойы Германияда емделіп, медициналық тексеруден өткен екен. «Путин Германиядағы клиникада жатыр» деген ақпарат Ресейде қанша жасырын ұсталғанымен, неміс басылымдары «Путин Германияда емделіп шықты» деген ақпаратты әлемге жайып салған. Сол тұстағы Путиннің суретінде оның беті солып, жағы солпиып, қызарған терісі шынымен де оның науқас екенін білдірген.

      Одан кейін тараған бір видеода Путин немісше сөйлей алмайды, немістермен аудармашы арқылы сөйлесіп, олардың немісшесін түсінбейтіні байқалған. Шындығында, шын Путиннің неміс тілін бір адамдай меңгергені белгілі еді.

       «Ресейді бұрынғы Путин емес, енді басқа біреу басқара бастады» деген қауесет 2006 жылы шыққан екен. Содан кейін Путиннің заңды әйелі онымен ажырасып кеткені белгілі. Сосын Путиннің экс-әйелі журналистер мен камера атаулыға жоламайтын болды. 2008 жылғы Путин президенттіктің жаңа мерзіміне сайлауға түспейтінін айтқан еді. Оған Конституциядағы шектеулер мүмкіндік бермейді, ал менің Конституцияға өзгеріс енгізетін жоспарым жоқ деген. Сол 2008 жылдан кейін көпшілік Путиннің түріндегі өзгерістерді байқай бастаған. Двойниктер туралы қауесеттер сол кезде күшейді.

        Айтпақшы, содан бері реалды шын Путинмен етене жақын байланыста болғандар түсініксіз себептермен не көзден таса болып, не өмірімен қош айтыса бастады. Собчагы, Березовскийі бар дегендей, тіпті марқұм Немцовтың өзі Путинге байланысты осындай бірдеңені білген және оны растап беретін дәлелдері болған деген сыбыс шыққан.

        Ал 2015 жылдың жазында Путин мен оның двойнигі, тіпті екі двойнигі болуы да мүмкін, кәдімгідей «ұсталып» қалды. Қысқасы, Путин бір мезетте бірден екі жерден, Сочи мен Алтай өңірінде байқалып қалған. Сочиде Путиннің қатысуымен конференция өтіп жатқанда, Алтай өңірінде Путин қатысқан шараның тікелей трансляциясы жүргізілген деседі. Әрине, бұл туралы шетелдік басылымдар жазғанымен, басыбайлы билікке бағынышты ресейлік баспасөз жақ ашпады.

       Айтпақшы, бәрін байқап отыратын шетелдік басылымдар «Путиннің алты двойнигі болуы мүмкін» деген байламға келген. Олар кімдер десеңіз, біреуі – Удмурт. Ол жұрт алдына сирек шығады. Путинге онша қатты ұқсамайтын двойник саналады. Көңілді Путин, күліп жүреді. Ұсақ-түйек мерекелік шаралар үшін қолданылады. Екіншісі – Синяк. 2010 жылы түсірілген бір суретте бет сүйегінің үсті көгеріп тұрған. Содан бері камераға түскен емес. Енді бір двойнигін Кучма дейді. Беті домалақ, иегі жалпақ, семізбет Путин. Алғаш рет Орталық Азия елдеріне жасалған сапар барысында байқалған. Сосын, Сөзшең деген тағы бір Путин бар деседі. Оратордың нақ өзі. Түрлі шараларда, жиналыстар мен кеңестерде, баспасөз жиындарында жұрт алдына шығатын, тіпті наразылық шараларына да бара алатын Путиннің двойнигі. Көп білетін, эрудициясы жоғары, ақылды сөздерді әдемі түрде тура путинше жеткізе алатын адам. Андрей Кондрашовтың «Крым. Путь на Родину» деген фильміне түскен осы двойник деседі. Сонымен қатар Дипломат деген жастау көрінетін двойник бар. Ол әлгі путиндердің ішіндегі ең жасы. Көбінесе бұқаралық шараларда байқалған. Ол алғаш рет 2015 жылы Италия премьер-министрімен болған кездесуде көзге түскен деседі. Сол кезде Италия премьер-министрі Путиннің түрі біртүрлі екенін, оны бірден танымай қалғанын айтып еді.

       Путиннің сол жақ бетінде қалы бар. Сол қалдың өзі түрлі суреттерде біресе алға-артқа, төмен-жоғарыға қарай жылжып тұрады.  Сайып келгенде, мемлекет басшыларының кей жағдайда двойниктерді пайдаланатыны жасырын емес. Бұл тарихта бұрыннан болған құбылыс. Олар көбіне қауіпсіздік мақсатында пайдаланылады.

Тегтер: