Ақ үй дәрігері: Трамптан коронавирус табылмады

15.03.2020, 21:18

11

АҚШ президенті Дональд Трамптан коронавирус табылмады деп хабарлады Ақ үй дәрігері.

«Кешке жақын коронавирустың расталмағаны туралы дерек алдым» деді дәрігер Шин Конли 14 наурыз күнгі брифинг кезінде.

«Бір апта бұрын Мар-а-Лагода бразилиялық делегациямен ас ішкен президентке вирус жұқпаған» деді ол.

Бұған дейін АҚШ-тың Флорида штатында Трамппен кездесіп, ас ішкен бразилиялық президент делегациясының құрамындағы үш адамнан коронавирус анықталған еді. Бразилияның Вашингтондағы елшілігінің хабарлауынша, қабылдау кезінде Трамппен бірге үстел басында отырған уәкіл және президент көмекшісінен вирус табылған. Ал Бразилия президенті Жаир Болсонарудан коронавирус табылмаған.

Бұған дейін Ақ үй тест тапсыруға негіз жоқ деп мәлімдеген еді.

Ақ үйде Трамп айналасындағы адамдар да тексеріле бастады.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39