08:52, 05 Сәуір 2023
Ақберек Елгезек Жазушылар одағынан не үшін кеткенін айтты

Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек қызметінен кетті.
Ол бұл туралы фейсбук парақшасында жазды. «Ардақты ағайын! Мен бүгіннен бастап Қазақстан жазушылары одағындағы қызметімнен ресми түрде кеттім. Келе жатқан Құрылтайда қойылатын спектакльге қатысуға құлқым жоқ. Ұлтымыздың ұлы әдебиеті жасай берсін!»,- деді ол.