Ақмола облысында 99 жастағы әйел адамнан коронавирус табылды

09.04.2020, 14:22

14

Денсаулық сақтау министрлігі 9 сәуір таңертең Ақмола облысында 13 адамнан коронавирус табылғанын хабарлаған еді. Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, 13 адамның барлығы — әлеуметтік қызметті пайдаланатын адамдар. Оларға 2 сәуірде көз жұмған 1947 жылғы ер адамнан вирус жұққан. Науқастардың арасында 99 жастағы әйел адам да бар.

Басқарманың хабарлауынша, бұған дейін әлеуметтік қызмет көрсететін орталық қызметкерлері мен қызметті пайдаланатын адамдардан анализ алынып, 34 адамнан коронавирус табылған. Олардың арасында 1963 жылғы орталық қызметкері де бар.

Мемлекеттік «Егемен Қазақстан» басылымы 7 сәуірде облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегіне сүйене отырып, Ақмола облысы Целионоград ауданы Аққайыңда орналасқан қарттар үйінде коронавирустан 73 жастағы қарт көз жұмған соң дәрігерлер сол орталықтағы адамдарды тексеріп, 19 адамнан вирус тапқанын жазған болатын. 1947 жылғы ер адаммен 216 адам байланыста болған.

Ақмола облысында барлығы 56 науқас бар.

8 сәуірде Ақмола облысында 1929 жылы туған әйел көз жұмды. Дәрігерлер көз жұмғаннан кейін науқаста коронавирус барын анықтаған. Оған сәуір айының басында көз жұмған 1947 жылғы ер адамнан коронавирус жұққан деп айтылады.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 759 адам болды.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05