Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:43, 07 Желтоқсан 2021

Ақмола облысында ауыл тұрғыны көлікке оқ жаудырды

None
None

Ақмола полицейлері кісі өлтіруге оқталған күдіктіні ізін суытпай ұстады, — деп хабарлайды «Жас Алаш» тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

5 желтоқсанда Бұланды АІІБ-нің шақыру бөліміне Вознесенка ауылының учаскелік полиция қызметкерінен белгісіз ер адам 24 жастағы ауыл тұрғыны отырған ВАЗ-2110 автокөлігіне ұсақ калибрлі винтовкадан екі оқ атқаны туралы хабарлаған.

Оқиға орнына дереу келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Қаскүнем 26 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты, полицейлер одан ТОЗ-8 шағын калибрлі мылтығын тәркіледі. Сонымен қатар, оқиға орны мен жәбірленушінің көлігін тексерген кезде полиция оқтар тапты.

Қылмыстың себебі жәбірленуші мен күдіктінің арасындағы дұшпандық қарым-қатынас екені алдын ала анықталған. Бұланды ПБ тергеу бөлімі бұл дерекке қатысты ҚК-нің 24-бабы, 3-99-бөлігі 1-бөлігі «Адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті қамауға алынды.

Тегтер: