Ақмола облысында тағы бар адам Covid-19 дертінен қайтыс болы

04.04.2020, 13:03

80

Денсаулық сақтау министрлігінің 4 сәуір 15.40-тағы дерегіне сай, Ақмола облысында тағы бар адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. Осы сағатта елде тағы 25 адамнан коронавирус табылғаны хабарланды. Нұр-Сұлтан қаласында — 14 адам, Ақтөбе облысында — 3 адам, Қызылорда облысында — 2 адам, Ақмола облысында — 1 адам, Шымкент қаласында — 1 адам, Қарағанды облысында — 1 адам, Алматы облысында — 1 адам, Жамбыл облысында — 1 адам, Алматы қаласында 1 адам вирус жұқтырған.

Қазір елде 525 адамнан коронавирус анықталды. 36 адам дерттен айықты. Бес адам қайтыс болды. Көз жұмғандардың екеуі — Ақмола облысында, біреуі — Нұр-Сұлтанда, біреуі — Қарағанды облысында, біреуі Түркістан облысында.

Вирус жұқтырған 525 адам мына аймақтарда:

Нұр-Сұлтан қаласы – 216

Алматы қаласы – 110

Қызылорда облысы – 28

Қарағанды облысы – 27

Солтүстік Қазақстан облысы – 25

Түркістан облысы – 23

Атырау облысы – 22

Ақмола облысы – 20

Шымкент қаласы – 13

Ақтөбе облысы – 10

Алматы облысы – 10

Жамбыл облысы – 10

Шығыс Қазақстан облысы – 4

Маңғыстау облысы – 3

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қостанай облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Қазақстанда 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. Елдің барлық аймағында шектеу қойылған. Ірі қалаларда карантин. Денсаулық сақтау министрлігінің есебінше, елде үш жарым мыңдай адамға вирус жұғуы мүмкін.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00