Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды
Жол-көлік апаты 4 қыркүйек күні сағат 13:05 шамасында «Көкшетау-Рузаевка» тас жолының 25 шақырымында болды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Апат салдарынан екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, екі жүргізуші көз жұмды.
«Көкшетауға қарай бағыт алған „Газ-330232“ автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, „Ваз-2106“ және Көкшетау қаласының 71 жастағы тұрғыны басқарған „Lada Kalinа“ автокөлігімен соқтығысқан»,- делінген хабарламада.
«Ваз2106» және «Lada Kalinа» автокөліктерінің жүргізушілері оқиға орнында көз жұмды. «Lada Kalinа» көлігінің екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша ҚК-тің 345 бабы, 3 бөлігіне сәйкес (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр,
— деді полиция департаментіндегілер.