Ақмола облысындағы қарттар үйінде 99 жастағы әйел адамнан коронавирус табылды

09.04.2020, 15:22

45

Денсаулық сақтау министрлігі 9 сәуір таңертең Ақмола облысында 13 адамнан коронавирус табылғанын хабарлаған еді.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, олар Нұр-Сұлтаннан бес шақырым жердегі Аққайың ауылындағы қарттар үйінде тұрады. Оларға 2 сәуірде көз жұмған 1947 жылғы ер адамнан вирус жұққан. Науқастардың арасында 99 жастағы әйел адам да бар.

Басқарманың хабарлауынша, 2 сәуірде 73 жастағы ер адам көз жұмғаннан кейін қарттар үйінің қызметкерлері мен сонда тұратын адамдардан анализ алынып, 34 адамнан коронавирус табылған. Олардың арасында 1963 жылғы орталық қызметкері де бар.

Басқарма дерегінше, вирустан көз жұмған 1947 жылғы ер адам 216 адам байланыста болған.

8 сәуірде Ақмола облысында 1929 жылы туған әйел көз жұмған еді. Дәрігерлер көз жұмғаннан кейін науқаста коронавирус барын анықтаған. Оған да 1947 жылғы ер адамнан коронавирус жұққан деп айтылады.

Ақмола облысында барлығы 56 науқас бар: Целиноград ауданында — 51, Аршалы ауданында — 3, облыс орталығы Көкшетау қаласында — 1, Шортанды ауданында — 1 адамнан вирус табылған.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 764 адам болды.

Қарай отырыңыз:Қазақстан аймақтарында коронавирустың тарау жылдамдығы

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11