Ақмолада бес аудан қауіпті жағдайда

19.03.2019, 19:05

137

Ақмола облысындағы Жабай өзені биыл да «жабайылығын» танытуы мүмкін. Өзенге таяу орналасқан Сандықтау мен Атбасар аудандары – құтқару қызметінің тілімен айтсақ қауіптіліктің қызыл деңгейінде тұр. Оған басты себеп, биыл 2018 жылмен салыстырғанда қар 15-20 пайызға артық жауған. Апаттың алдын алу үшін осы өзенде мамандар жару жұмыстарын бір апта бойы жүргізді.Сандықтау ауданы бойынша 2000 шаршы метр, Атбасар ауданы бойынша 5000 шаршы метр мұзды арнайы мамандар жарыпты.2017 жылы Сандықтау мен Атбасар аудандары бойынша 600 жуық отбасы тасқыннан баспанасыз қалған болатын. Биылғы жылы сақтық шараларын күшейтпесе Ақмола облысының бірнеше ауданы зардап шегуі мүмкін.«Ақмола облысы бойынша 5 аудан: Сандықтау, Атбасар, Астрахан, Қорғалжын және Целиноград қауіптіліктің қызыл деңгейінде тұр. Арнайы жасақтарды бақылау-қадағалау жұмыстарына дайындап жатырмыз», — дейді Ақмола облысы ТЖД басшысы Алексей СОВЕТОВ.Мұнан өзге су қоймаларынан да қауіп бар. Ернеуінен асқан Шағалалы су қоймасы 2017 жылы Көкшетау маңайындағы Красный Яр ауылын біраз әбігерге салған болатын.«Сақтық шараларын күшейтіп жатырмыз. Су қоймасының қалыпты сыйымдылығы 28 млн. текше. Қазір деңгейін 50 пайызға ортайттық»,– дейді су қоймасының директоры Арман УӘЛИЕВ. Фотолар автордікі.     
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06