Ақорда Қырғызстандағы оқиғаларды көрші елдің "ішкі шаруасы" санайды

08.08.2019, 12:00

37

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы оқиғаны көрші елдің ішкі шаруасы деп санайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісінде жазды.

"Қазақстан президенті Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр. Мемлекет басшысы бауырлас көрші елдегі ахуал Қырғыз Республикасының ішкі шаруасы деп есептейді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдай жуық арада елдің қолданыстағы заңы аясында шешілетініне үміттенеді" деп жазған Ақорданың баспасөз хатшысы.

7 тамызда Қырғызстанның Кой-Таш ауылында елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу орындарына күшпен жеткізу үшін алып кетуге барған қырғыз арнайы жасағына Атамбаевтың жақтастары қарсылық танытқан. Жанжал салдарынан, соңғы мәлімет бойынша, оқ тиген арнайы жасақтың бір қызметкері қаза тауып, 40-тан астам адам жараланған.

Оқи отырыңыз: Атамбаевты ұстау операциясында арнайы жасақ өкілі қаза болды

Атамбаев бұған дейін тергеу орындары қылмыстық іске байланысты жауап алу үшін үш рет шақыртқанда бармай қойған соң, арнайы жасақ Кой-Таштағы оның үйіне барған. Қырғыз бас прокуратурасы Атамбаевқа 2011-2017 жылдары билікте болған кезінде «жемқорлыққа барды», "қызмет бабын теріс пайдаланды", «заңсыз байыды» және «кәнігі баукеспе Азиз Батукаевты түрмеден заңсыз босатуға қатысты» деген сияқты жалпы саны бес айып таққан. Атамбаев ол айыптардың бәрін жоққа шығарып, өзіне қарсы істің саяси астары бар деп мәлімдеген.

Биыл мамырда Қырғызстан парламенті бұрынғы президентке тиіспеушілік туралы заңға өзгертулер енгізген. 27 маусымда парламент Атамбаевты экс-президент және тиіспеушілік мәртебесінен айырған соң тергеу орындары Атамбаевты жауап алуға шақыра бастаған.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

2011 жылғы 1 желтоқсаннан 2017 жылғы желтоқсанға дейін Қырғызстан президенті болған Алмазбек Атамбаев биліктегі мерзімі аяқталуға таяғанда сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынаған еді. Атамбаев 2017 жылғы президенттік сайлауға түсіп жатқан қырғыз оппозициялық партиясы кандидатымен кездескен Назарбаевты "Қырғызстанның ішкі ісіне араласуға тырысты" деп айыптаған. Бұдан кейін Қазақстан Қырғызстанмен шекарада тексеруді күшейтіп, шекараның қырғыз жағында жүк көліктері кезегі пайда болған. Сол кезде Қазақстан сенатының төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алмазбек Атамбаев бір-бірін сөккен.

Қырғызстанда 2017 жылғы қазанда өткен сайлауда Атамбаевты қолдайтын билік партиясының кандидаты Сооронбай Жээнбеков президент болып сайланғаннан кейін, көп ұзамай Қазақстанмен арадағы даулы мәселе реттеліп, шекарадағы жағдай бұрынғы қалпына түскен.

Арада біраз уақыт өткенде Атамбаев пен Жээнбеков араздасып, екеуі бір-бірін айыптап, мәлімдемелер жасаған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40