Ақпараттық соғыс – ең қатерлі соғыс

Қазақстан ақпарат кеңістігінде шешілмеген түйткілдер бар ма? Әсіресе, ақпараттық қауіпсіздік мәселесінде.
Әрине, бар.Және ол өте қауіпті деуге болады. Біз қазіргі «ақпарат майданында» тек жеңіліске ұшырап жатқан мемлекетпіз. Өзге жұрттың бізге қарсы жасап отырған ақпараттық экспансиясыалдында әлсіздік, жігерсіздік танытып, еріктісоларға беріп қойғанбыз.
«Ақпараткімнің қолында болса, әлем соның уысында», деген бүгінгі қағидаға иланғымызкелмейді. Дәл қазіргі күні Қазақстан ресейлікақпарат тасқынының астында екенін мойындағымыз келмейтіні тағы бар. Ақиқатқа тура қарар болсақ, Ресейдің көптегентелеарналары (кабельдік жүйедегі), радиожелілері, газет-журналдары Қазақстанда бөгетсіз көрсетіледі, таралады. Тіпті, жұрт әлемде болып жатқан жаңалық-оқиғаларды осы ресейлікақпарат жүйелері арқылы естіп, біліп отырады. Бұл елімізүшін үлкен қауіп. Қай жерден, қай елден хабар таратса да Ресей журналистері өз елінің мүддесіне сайжасайтыны анық. Ал бұл біздің халыққа, әсіресе, «130 ұлт өкіліне» кері әсер етпей ме? Етеді. Сөзсіз. Демек, Қазақстанда өзге елдердің бұқаралық ақпарат құралдарының еркінтаралуына шектеу қойылуы керек. Бұл айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ одан қортынды шығарып жатқан ешкім жоқ. Елдегіақпарат министрлігі де және қауіпсіздікке жауап беретін өзге құзырлы орындар да үнсіз. Көзі көрмейтін, құлағы естімейтін мылқаудың кейпінде. Неге өз ақпарат жүйеміз ақсап жатыр? Не істеу керек? Тіпті, елдегі теле-радиоарналардың өзі мемлекеттік тілді ысырып қойып, Ресей, яғни орыс тіліндехабар таратуы басым. БАҚ-ты ұстап тұру үшін қазынадан бөлінетін қаржының көп бөлігіне ие болатын да осылар. Бұл қалай?
Ресейде 100 мыңнан астам БАҚ тіркелген. Оларға бөлініп отырған қаржы аз емес. Мәселен, биылғы жылы Ресей қазынасынан 92 миллиард рубль бөлініп отыр. Ал бұдан тыс, өзге елдердегі орыс тілді ақпарат құралдарын қолдау үшін жыл сайын ондаған миллиард рубль тағы да бөлінеді. Өйткені ресми Мәскеу «ақпарат майданында» жеңіліс табатын болса, онда тәуелсіздігіне, тұрақтылығына, тұтастығына үлкен қауіп төнетінін біледі. СондықтанБАҚ-қа қолдан келгенше қолдау жасап отыр. Біз ше? Қайдам. Бүгінгі күні ақпараттық соғыста кімнің әлеуеті күшті, жеңіс әрдайым сол жақта. Ол ел өзгеге өз идеологиясын тықпалай алады,үгіт-насихатын жүргізе алады, теріс ақпарат та бере алады. Бұл бір мәселе десек, екінші бір тілге тиек ететін дүние елдегі БАҚ-тың жағдайы, орыс және қазақ тілді болып қақ жарылуы, «жегені жантақ,арқалағаны алтын» журналистердің жай-күйі. Белгіліжурналист Серік Әбікен кезінде бұлмәселе жөнінде ойын ашық айтып берген еді. Еске түсірейік: «Бірен-саран тәуелсіздеу жекеменшік арналар, басылымдарболмаса, елдегі ақпарат құралдары, дені«бір бақшаның бұлбұлы». Ойлы, айтары бар журналистердің тықсырылуы, олардыңорнын әнші, бишілердің басуы, журналистерді соларға сценарий жазатын қолбала есебінде ұстау — түбінде Қазақстанғаабырой әкелмейді. Идеологиялық соғыс –ең қатерлі соғыс. Әскері әлсіз елұтылады. Ал бізде қазір ол «әскер» мүлдем жоқ десек болады. Мемлекеттің идеологиясы сыпыра мақтаудың,әлдебір бағдарламалардың, стратегиялық жоспарлардың «жарқын жетістігін» жамырай мақтауменшектелмеуі керек. Ешбір журналистОтанына жамандық ойламайды. Сондықтан олардың жақсылықты да, кем-кетікті де електен өткізіп, сараптамалық материалдар жазуына, сыни бағдарламалар түсіруіне мүмкіндікберілуі керек. Зерттеу, сараптамаға жол ашылып, БАҚ қайта қалам құдіретінесүйенгенде, бәсекелестік туындайды, эфирді жаулап алған «жұлдыздар» өздігінентопырлап жерге түседі. Екінші мәселе, министрлік шетелдік арналардың,басылымдардың бағдарламаларын, түпкіойын қадағаласа. Өзіміздің БАҚ-та жүрген дені ресейлік данышпан-менеджерлердіңшама-шарқын анықтаса, қысқартса. Іздегені ақша болғанымен ол менеджерлердіңтүптеп келгенде, «орманға қарап ұлитыны» өздігінен түсінікті. Министрлік өзгеденқаймығып, жаутаңдай берсе, отандық ақпарат кеңістігіне қожа болыпмандытпайды. Қазақта «Би екеу болса, даутөртеу» деген нақыл бар. Абай: Оның мәнісі — тақ болмаса, жұп билер таласып,дау көбейте береді дегенмен айтылған сөз. Біздегі идеологиялық бағыттың қателігін осыдан асырып қалай айтуғаболар. Ұлттық идеологияға негізделмеген, бұл үйдің иесі кім екенін ашықайтқызбайтын келте саясат кесірінен, журналистиканың бағыты екеу болыптұр. Орыс тілді журналистердің біразыбұл елді уақытша мекен санайды. Сондықтан кез келген мәселеде ел егесінен именбей ойына келгенін айтабереді. Бұл мемлекеттің қыр арқасына батқан мәселеге аса бас ауыртпайды.Кезінде «Караван», «Времялардың» алдында құрақ ұшты… Сол басылымдардыбасқарған азаматтардың біразы жағдайын түзеп алғаннан кейін, тарихи отанынатайып тұрды. Қабағын баққан қазақ та, құрақ ұшқан Үкімет те осы Қазақстандақалды. Кім ұтты?! Бір нәрсені түсінуімізкерек, «бізде 130-140 ұлт бар», депелпектей бергеннен ешкім ұшпаққа шықпайды, үйдің бір-ақ иесі болатындай, бұлмемлекеттің де негізін құрған, тұтқа болып отырған бір ғана ұлт бар. Ол — қазақ!
Міне, Ақпарат министрлігі біздегі журналистиканың осындайдәрежеге жеткенін білуі керек. Сөз бостандығы, ой еркіндігі дегенде, өзіңдіасырап отырған халықтың бетіне топырақ шашу деп түсінушілердің көкірегіне сәулеқұймай, ұқтырмай ақпарат кеңістігіндегі екі бөлек көзқарастан құтылаалмаймыз». Иә, бұл ащыда болса шындық. Ақиқатын айтар болсақ, әлемдегі соңғы ширек ғасырдағы қақтығыстардың бәрі алдын ала «ақпараттық барлау», «ақпараттық соғыс» арқылы бастау алып, арты территориялық жанжалға, дауға алып келіп жатқаныбелгілі. Біздің қауіп етіп айтып отырғанымыз, Қазақстанның ақпараттық кеңістігіне жегі құрттай дендеп еніп, кеміріпжатқан Ресейлік БАҚ түбі қопарылыс тудырмасына кім кепіл?
Дос КӨШІМ, Саясаттанушы:
Жалған ниет...
Менің білуімше, Тәуелсіздігіміз қайта орнаған күнннен бастап, ақпараткеңістігімізді қорғау туралы мәселе айтылып келеді, талқыланып келеді, бірқатарзаңдар да қабылданды, бірақ шешімі табылып, нүктесі қойылған жоқ. Ең қызығы,мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей қатысы бар бұл мәселенің бар екендігін билікте, оппозиция да, ұлтшылдар да мойындайды, бірақ оның шешілу жолын әрбір саяситоп өзінше болжамдайтын сияқты. Мойындауымыз керек, «сыртқы күштердіңидеологиясы» немесе «басқа елдерге де ашық болуымыз керек», деген алдамшысөздерді ысырып қойып, Қазақ елінің ақпаратттық кеңістігін Ресей мемлекетініңарнайы бағытта жүргізіп отырған идеологиясынан қорғауымыз керек, деп ашықайтатын кез келді. Бізге Қытайдың (қазақ тіліндегі бірнеше телеканалының біреуіден қазақ еліне хабар таратпайды, немесе бір ғана Үрімшіден шығатын,газеті-журналы бар, жеті қазақ басылымының бір де біреуі біздің шекарадан өткенемес), немесе Эстония мен Францияның ақпарат құралдары кіріп жатқан жоқ, керекдесеңіз, жақын көршілеріміз Қырғыз бен Өзбектердің де телехабарлары ақпараткеңістігімізді жаулап алды деп айта алмаймыз. «Жаулап алды» деген де шындыққажанаспайтын ұғым, ақпарат кеңістігімізді өзіміздің қорғай алмай (не қорғағымызкелмей) отырғанымыз анық.
...2014 жылға дейін бұл мәселе саясаттанушылардың кейбір пікірталасынамұрындық ғана болса, Ресей Қырымды жаулап алып, Донбасстағы орыс шовинстерінқаруландырып, өздерінің мемлекетіне қарсы қойғанда ғана, Қазақ билігі ақпаратмайданының нақты нәтижесін көрді деп ойлаймын. Ресей телеканалдарыныңкүндіз-түні үзбей жүргізген (бірде –ашық, енді бірде – астарлы тәсілдермен)үгіт-насихатының нәтижесінде, Қазақ елінің көрермендері мен тыңдармандарыныңбасым көпшілігі Кремль идеологиясының жетегінде кетіп, өз еліне де солУкраинаның жағдайы туындайтынын ұмытып та кетті. Өкінішке қарай, онда да қазаққоғамы, қазақ билігі «талқылау» мен «сараптаудан» аса алмады. Ал біздің ақпараталаңымыздағы Ресей телеканалдары мен бұқаралық ақпарат құралдары, алты жылбойы, Орыс әлемі үшін өзінің еліне қарсы шыққан Донбасс пен Луганскініңорыстарын аспанға көтеріп, өздерін ақтаумен қоса, «орыс әлемі үшін осындайға барукерек», деген ойды біздің азаматтардың ми қыртысына асықпай құйыпжатыр… Асығудың қажеті де жоқ – Қазақ елінің ақпарат алаңы толықтай Ресейдіңқолында отыр.
Енді не істеуіміз керек деген сұраққа келейік. Біріншіден, қанша «достық»пен «туысқандық», «ғасырлар бойы көрші», деген сөздерді айтқанмен, кейбір, менүшін негізгі мәселелерде екі елдің ұстанымының екі бөлек екенін мойындауымызкерек. Біздер ғасырлар бойы Ресейдің отары болып, жаулап алушылардың зорлығыменнемесе сантүрлі сайқал саясатының нәтижесінде, ұлттық құндылықтарымыздантолықтай дерлік ажырап, жартылай орыстанған ұлтпыз. Сондықтан Ресей ПрезидентіПутин «Жиырмасыншы ғасырдың басты апаты – Кеңес одағының ыдырауы» десе, біздер«Басты байлығымыз – тәуелсіздігіміз!» деп жар саламыз. Демек, екі елдіңидеологиялық доктринасы бір біріне толық қарама қарсы бағытта. Ендеше,қазақстандық әрбір азамат осы қайшылықты терең түсіне білуі шарт. Оны біздіңақпарат құралдары, біздің билік, біздің идеология халықтың құлағына құйыпотыруы керек. Демек, біздің елдің идеологиясына қарсы бағытталған хабарлардытарататын БАҚ-тарға, телеканалдарға толық тыйым салынуы шарт. Білім, мәдениет,спорттық не танымдық каналдардың өзі қатаң тексеруден өткені жөн. Бұл –халықаралық тәжірибе. Ұмытпасам, осыдан бірнеше жыл бұрын Әзірбайжан еліРесейдің бұқаралық ақпарат құралдарын шектеу жөнінде заң қабылдады, ал Украина2004 жылдан бастап, өздерінің ақпарат кеңістігінде көңіл көтеру, әзіл-сықақканалы болып табылатын СТС-ті ғана қалдырды. Ал біз осы кездерде «Известия–Казахстан», «АиФ – Казахстан» деген газеттерді шығарып, өздеріміздің қаржымызғаРесей идеологиясын жүргіздік. (Айта кету керек, бірде Киевте болғанда «АиФ –Украина» деген газетті көріп, қарап шықтым. Ішіндегі барлық материалдар текУкраинаның мәселесін қатысты екен. Ал біздегі «АиФ – Казахстанда» 20-30 пайызғана қазақ елінің контеті де, қалған 70-80 пайызы – Ресей өмірі...) Тағы біркөңіл аударатын мәселе – Ресей мемлекетінің өз ақпарат кеңістігін қорғаутәжірибесі. Арман Шораев мырза өзінің бір сөзінде осы мәселеге байланысты нақтымысал да келтіргені есімде. Үзіндіні орыс тілінде, сол қалпы бергенді жөн көріпотырмын.
«Российский рынок, не говоря уже о белорусском, дляказахстанских СМИ закрыт на замок, и уже давно. К примеру, 15 лет назад вКокшетау я открыл казахскую газету, которая выходит до сих пор. Однажды мыпопытались передать ее через границу в Омскую область, где проживают 100 тысячказахов, но не вышло, — у нас потребовали перевести ее (16 страниц) на русскийязык с нотариальным подтверждением. Понятно, что мы не смогли этого сделать…Россия, в отличие от нас, очень жестко защищает свою информационнуюбезопасность».
Егер Ресей жағы осындай талаптарғабарса, біздің мемлекетіміз неліктен олардың талаптарын қайталай алмайды?Айтпақшы, Қазақстанда Ресейдің заңды түрде тіркелген 240 телеканалы бар екен.Өзіміздікі – 50 ғана. Кейбір саясаттанушылар Қазақ елініңхабарларының сапасыз екендігін, сондықтан халықтың көпшілігі Ресей теле каналдарынқарайтынындығын алға тартып, рейтинг мәселесімен көзімізді шұқиды. Йә, мұндайобьективті жағдайдың бар екендігін мойындауға тура келеді. Бірақ бұған қазақтыңжурналистері не редакторлары ғана кінәлі дегенмен келіскім келмейді. Бұғанбіздің биліктің жүйесі кінәлі. Неліктен 75 адам тұтқындалып, 25 адам сотқаберліген Шаңырақ оқиғасы қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақтыталқыланып, жүздеген мақала басылған жоқ? Билік жібермеді. Неліктен Жаңаөзенмәселесінде ондағын журналистік зерттеулер жасалған жоқ? Неліктен сондайзерттеулер «Егемен Қазақстанда» жарияланған жоқ? Неліктен 2016 жылғы «Жеркомиссиясының» отырысы «Хабардың» тікелей эфирінде берілген жоқ? Қысқасы, халыққарайтын мәселені биліктің өзі тоқтатып отырса, қатаң тыйым салынса, рейтингқайдан болады? Демек, Қазақ елініңақпарат кеңістігінің дамуына, басқа елдердің телеканалдарынан өзтыңдаушыларымызды «тартып алудың» басты шарты – сөз бостандығы деп ойлаймын.
Тағы бір ұсыныс. Осындан оншақты жылбұрын «БАҚ–та қазақ тіліндегі контент 80 пайыз, басқа тілдегі контент 20 пайызболуы керек», деген мәселе көтерілген болатын. Оған ОБСЕ бастаған халықаралықұйымдар қарсы шығып, бірнеше пікірталастар ұйымдастырылғаны есімде. Алайда, бұлтамаша бастама да сол күйінде қалды...
Өкінішке қарай, мемлекеттің ақпараттыққауіпсіздігі – биліктің құзіретінде. Қарапайым халық пен азаматтық қоғамныңміндеті – көзқарас қалаптастыру ғана. Ал билік – орыс тілінде білім алып, солұлттың мәдеиетімен тәрбиленген, кезінде коммунистік иделеогияны бірлесежүргізген жандардан тұрады. Олардың жүректерінің «орыс әлеміне» бұрып тұруынаөз басым таң қалмаймын. Мүмкін, осыуақытқа дейін бұл мәселенің талдау мен сараптаудан аса алмай жатқаны да осыданшығар. Ниет дұрыс болса, шешім де дұрысболады, ал ниет жалған болса...
Марат ТОҚАШБАЕВ,
жазушы-публицист, Қазақстан
Педагогикалық Ғылым академиясының
академигі, профессор:
Тәуелсіз мемлекеттің ақпараттық кеңістігі де тәуелсіз болу керек
ХХІғасырдың адамзатқа әкелген тың құбылыстарының бірі – жаһандану. Мұндай кезеңде ақпараттық қауіпсіздікқай мемлекет үшін де айырықша маңызды. Жаһандану желеуі ақпараттық экспансияарқылы державалық мемлекеттердің көрші елдерді экономикалық және саясиықпалында ұстау үдерісін тездетті. «Ақпараттық қауіпсіздік» тіркесі аясындатілдік қолданысымызға «ақпараттық шабуыл», «ақпараттық соғыс», «ақпараттыққорғаныс» сияқты ұғымдар кірді. Мысалы Ресейдің Украинаға қатысты телевизиялықматериалдар легі «ақпараттық шабуыл» болып табылады. Сол Ресейдің АҚШ-қақарым-қатынасын «ақпараттық соғыс» деп бағалауға болады. Қазақстан бүгіндеРесейдің ақпарат кеңістігінде өрмекшінің торына түскен көбелектей болып отыр.Қазақстан билігі елдің ақпарат кеңістігін қорғауды мүлде ойлаған емес. Мұның нақты мысалын Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасынананық байқауға болады. Алдында Кедендік одақ, одан кейін, Еуразиялықэкономикалық одақ сияқты зиянсыз көрінетін құрылымдар арқылы Қазақстан өзініңақпараттық кеңістігін бөтен мемлекеттің бақылауына беріп қойды.
Бұлтақырып мені тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ мазалаған. Ұмытпасам, 1996жыл болу керек, ол кезде «Заң газетінің» басшысымын. Жоғарғы Кеңестіңдәліздерінің бірінде сол кездегі Ақпарат министрі Алтекеңмен (АлтынбекСәрсенбаевпен) кездесіп қалдым. Балаң кезінен білетіндіктен сөзім еркін. Әңгімеарасында өзімді толғандырған мәселе жайында үнсіз қала алмадым: «Алтеке, Ресейканалдарының ықпалы ұлғайып барады. Осыны қайтіп тоқтатамыз?», «Мәке, оған әліерте, асықпайық!» деді. Жоғары жақтың бір білгені бар шығар, бізге айтабермейді ғой, деп қоя салдық. 2011 жылыбір жолыққанда, сол кездегі Ақпарат және байланыс министрі Асқар Жұмағалиевкеде Ресейдің ақпараттық экспансиясын тоқтату жөнінде мәселе қойдым. Ол қуантты:«Мәке, біз бұған орай, «Қазақстанның ақпарат кеңістігін қорғау туралы» заңжобасын дайындап жатырмыз. Бұл үшін Ресей Федерациясының «Ақпараттыққауіпсіздік туралы федеральдық заңы» негізге алынды. Егер бізге бірдеме десе,өздерінің сол заңын өздеріне көрсетеміз», деп күлді. Көңілім кәдімгідеймарқайып қалды. Алайда ол заң жобасы толық дайын болғанша, Асқар Көлік пенкоммуникация министрлігін басқаруға ауысып кетті. Әлгі заң жобасы сол күйіншетартпада қала берді. Нәтижесінде, отыз жылдан бері біз Ресейдің ақпараттық«помойкасы» болып келеміз. ҚазірҚазақстан аумағына Ресейдің федеральдық, облыстық және тәуелсіз 200-ден астамтелеарналары хабар таратып отыр. Еліміздегі ірі мегаполистерде, облысорталықтарында газет-журнал сататын дүңгіршектерінің бәрі ресейлікгазет-журналдарға толы. Олар қазақстандық, әсіресе, қазақ тілді басылымдардырыноктан баяғыда ысырып тастаған. Қазақстан көрермендері мына көрші тұрғанөзбек пен қырғыз телеарналарын көргісі, жаңалықтарын біліп отырғысы келеді.Өкінішке қарай, біз жақын көршілеріміздің жаңалықтарын Мәскеу телеарналарынанкөруге мәжбүрміз. Ақпараттық бодандықтың салдары орасан. Ол бізге мүлдетиімсіз. Ресейдің ақпараттық ықпалы біздегі орыс диаспорасының көңілін тарихиотанына аударып тұр. 9 мамырда кеудесіне георгиев лентасын таққандар толыпкетеді. Олар өздерін «Русский мирдің» ажырамас бөлшегі санайды. Дұрысында,сыртқы агрессия болса, қай диаспора өкілі де Қазақстанды қорғауға тиіс қой. Албізде қалыптасып отырған жағдайда сол ақпараттық экспансия салдарынан,орыстілді қазақтардың өзі солтүстіктен агрессия шыға қалса, окоптың ар жағынанкөрінуге дайын. Бұл дегеніңіз, ақпараттық кеңістікті жаулап алумен, бір мемлекеттің халқын екіге бөлу деген сөз.Сондықтан жедел түрде бізге экономикалық тұрғыдан мүлде пайдасыз Еуразиялықодақ сияқты құрылымнан шығып, ақпараттық кеңістігімізді өз бақылауымызғаалуымыз керек. Тәуелсіз мемлекеттің ақпараттық кеңістігі де тәуелсіз болуғатиіс!
Күлтегін БЕК