АҚШ 2011 жылдан бері ішінде адамы бар ракетаны алғаш ұшырды. Технология Илон Масктен

01.06.2020, 02:59

3

Сенбі күні кешке АҚШ-тың Канаверал мүйісіндегі айлақтан ұшырылған бортында НАСА-ның екі астронавты бар Crew Dragon ғарыш кемесі орбитаға сәтті шықты. Ол Халықаралық ғарыш станциясымен Гринвич уақыты бойынша жексенбі күні күндізгі сағат 15:29-да түйісуі тиіс (Алматы уақытымен кешкі сағат 20:29).

Crew Dragon 2011 жылдан бергі АҚШ ұшырып отырған ұшқыш арқылы басқарылатын алғашқы кеме. 9 жыл бұрын АҚШ көпреттік Space Shuttle кемелерін ұшыру бағдарламасын тоқтатқан болатын.

BBC сайтының жазуынша, Falcon 9 зымыранының алғашқы бөлігі ұшырылғаннан кейін шамамен үш минуттан соң бөлінген. Ал 10 минуттан соң Атлант мұхитындағы SpaceX-тің арнайы платформасына қайта оралған. Dragon кемесі Халықаралық ғарыш станциясына өз қозғалтқышымен жетуі тиіс.

Зымыранның екінші бөлігі бөлінгеннен соң ұшыруды басқару орталығы және экипаж мүшелері бір-бірін сәтті ұшумен құттықтады. NASA Dragon кемесінің орбитаға аман-есен шыққанын хабарлады.

Кеме экипажында 53 жастағы Даглас Хёрли мен 40 жастағы Роберт Бенкен бар. Екеуі де әуе әскери күштерінің ардагер сарбаздары. Бұған дейін ғарышқа екі рет ұшқан.

Олар халықаралық ғарыш станциясында кемінде 30 күн болады. Demo-2 миссиясы SpaceX компаниясының технологиясын тексеру бойынша жүргізілген соңғы сынақ. Егер сәтті аяқталса, Crew Dragon Халықаралық ғарыш станциясына тұрақты түрде ұшады.

Crew Dragon — NASA-ға арнап шығарылған ұшқышпен басқарылатын жалғыз ғарыш кемесі емес. Күзде Boeing корпорациясының балама Starliner кемелері ұшырылуы тиіс. 2019 жыл желтоқсан айындағы сәтсіз сынақтан соң келесі кеме ұшқышсыз басқарылмақ.

NASA жоспарына сәйкес, Crew Dragon мен Starliner 20 ғасырдың 60-жылдары шығарылған ресейлік «Союз» кемелерін алмастыруы тиіс. 2011 жылдан бері Қазақстан терииториясындағы Байқоңыр айлағынан ұшырылып жүрген ресейлік «Союз» кемелері америкалық астронавтарға Халықаралық ғарыш станциясына жетудің жалғыз жолы болған.

Қазақ даласындағы ғарыш қақпасы. Байқоңырдың болашағы қандай? Фотогалерея

Қазақ даласындағы ғарыш қақпасы. Байқоңырдың болашағы қандай?

Совет дәуірінде Қазақстан жерінде салынған Байқоңыр ғарыш айлағын қазір Ресей жалға алып, пайдаланып отыр. Бұған дейін оннан астам америкалық астронавт Халықаралық ғарыш станциясына осы жерден ұшырылған кемемен жеткен. Ал қазір АҚШ 2011 жылдан бері алғаш рет ғарышқа адамдарды өз аумағынан ұшыруға дайындалып жатыр.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13