АҚШ 8 қаңтар күнгі Иран шабуылынан 11 сарбаздың зардап шеккенін айтты

17.01.2020, 20:59

55

АҚШ әскерилері 8 қаңтар күнгі Иран шабуылынан 11 сарбаздың зардап шеккенін хабарлады.

«8 қаңтар күнгі Иранның әл-Асад авиабазасына шабуылы кезінде кейбір сарбаздар ми шайқалу белгілерін емдеу курсынан өтті» деді АҚШ қарулы күштер басқармасының өкілі Билл Урбан.

Тегеран 8 қаңтарда «генерал Сүлейманидің өліміне кек алу үшін» АҚШ-тың Ирактағы әскери базасын балистикалық зымыранмен атқылаған. Ислам революциясы корпусына қарасты "Құдс күштерінің" қолбасшысы Сүлеймани 3 қаңтарда Бағдатта АҚШ-тың әуе шабуылы кезінде қаза тапқан. Осыдан кейін Тегеран мен Вашингтонның арасы тым ушығып кеткен.​

8 қаңтар күнгі халыққа жолдауында АҚШ президенті Дональд Трамп «Иран шабуылынан америкалықтар мен ирактықтар зардап шекпеді» және шабуылдың салдарынан базалар «сәл бүлінді» деп мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: «Иранның шабуылынан америкалықтар мен ирактықтар зардап шеккен жоқ»

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15