АҚШ Ауғанстанда қос үкіметтің пайда болуына қарсы екенін айтты

10.03.2020, 17:45

38

Вашингтон Ауғанстанның «біртұтастығы мен егемендігін» қолдайды және қос үкімет құруға бағытталған кез келген әрекетке қарсылық білдіреді деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео. 9 наурызда Кабулда Ауғанстан президенті қызметіне кірісу рәсімін соңғы сайлауға қатысқан екі негізгі кандидат қатар өткізген. Қазіргі іс басындағы мемлекет басшысы Ашраф Ғани президент сарайында ант қабылдап жатқанда, көрші сарайда оның бәсекелесі, өзін «президент сайлауында жеңдім» деп жариялаған елдің бұрынғы үкімет жетекшісі Абдулла Абдулланың салтанатты ұлықтау рәсімі өткен еді.

«Біз қос үкімет құруға бағытталған және саяси мәселелерді күшпен шешуді көздейтін кез келген әрекетке үзілді-кесілді қарсымыз» деп мәлімдеді Помпео.

Бұған қоса ол 9 наурызда Кабулда жасалған террорлық шабуылды айыптады. Khaama Press ақпарат агенттігі жексенбі күні Ашраф Ғанидың инаугурациясы өтіп жатқан кезде президент сарайы маңына төрт снаряд түскенін хабарлаған. Шабуылға жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы алған.

Көрші орналасқан екі сарайдағы салтанатты шараларға жүздеген адам қатысқан.

Ашраф Ғанидың инаугурациясына қатысушылар арасында АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Залмай Халилзад пен Ауғанстандағы халықаралық коалиция күштерінің басшысы, АҚШ генералы Скотт Миллер де болды.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11