АҚШ Беларуське мұнай жеткізе бастады

17.05.2020, 03:00

10

Осы аптада Беларуське америкалық шикі мұнайдың алғашқы бөлігі жеткізіле бастады. Бұл туралы 15 мамырда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео хабарлады. Бұл бастама «Беларусьтің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтады» деді Помпео.

Мемлекеттік департамент таратқан мәлімдемеде АҚШ-тың «беларусь нарығына енгісі келетін» америкалық компанияларға сауда мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екені жазылған.

Ресми сайтта жарияланған мәлімдемеде байқау негізінде жасалған келісімді ұйымдастыруға америкалық United Energy Trading компаниясының атсалысқаны жазылған. Оған америкалық Getka және Польшаның UNIMOT компаниясы көмектескен.

АҚШ Беларусьті америкалық бизнестің беларусь нарығына жол ашылуын пайдаланып, сауда еркіндігі саласында нарық реформаларын жүргізуге шақырды.

Осыған дейін Беларусьтің АҚШ-тан мұнай сатып ала бастағаны хабарланған еді.

Беларусьтің сыртқы істер министрі Владимир Макейдің айтуынша, «1 ақпанда мемлекеттік хатшы Майк Помпеоның Беларуське сапары және президент Александр Лукашенкомен кездесуі кезінде жасалған келісімдердің арқасында» осындай мүмкіндікке қол жетіп отыр.

Макейдің сөзіне қарағанда америкалық мұнайды тасымалдау — «шикізат көзін әртараптандыру және елдегі мұнай өңдеу кешендерінің жұмысын тұрақты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік стратегияның бір бөлігі». Ал мұнай саласында АҚШ-пен ынтымақтастық орнату — «мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігінің елеулі бөлігі». Макей сонымен бірге беларусь тарабы әрі қарай да АҚШ-пен әріптестікті нығайтуға күш салатынын жеткізді.

Tut.by сайтының хабарлауынша, литвалық Клайпед порты арқылы мұнай тасымалданады. Бастапқыда жеткізілетін мұнай партиясының көлемі 80 мың тоннаны құрайды. Мұнай тиелген танкер Техас штатындағы порттан 17 мамырда шығады деп жоспарланған.

АҚШ-тан мұнай импорттай бастаған Беларусь бұған дейін Ресеймен ұзақ уақыт мұнай бағасын келісе алмай, дауласқан. Жыл басында Ресей Беларуське мұнай тасымалдауды тоқтатты десе де болады. Бұдан соң Беларусь танкер арқылы елге мұнай жеткізе бастаған. Атап айтқанда Одесса және Клайпед порттары арқылы Сауд Арабиясынан мұнай алды. Дегенмен Беларуське тасымалданатын мұнайдың басым бөлігін ресейлік мұнай құрайды. Tut.by сайтының жазуынша, мамыр айында Беларусь Ресейден шамамен 1,1 млн тонна мұнай сатып алады.

Ақпан айында Минскіге сапары барысында Майк Помпео АҚШ Беларусьті 100 пайыз мұнаймен қамтамасыз етуге дайын деп мәлімдеген.

Соңғы кезде Беларусь пен АҚШ арасындағы қарым-қатынас біршама жақсарған. Минскіге Америка елшісінің қайта оралғаны да хабарланған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27