АҚШ билігі елді маска тағуға үндеді, әлемде COVID-19 жұқтырғандар көбейіп жатыр

13.07.2020, 18:40

154

АҚШ-тың бірнеше штатында коронавирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар тағы да көбейіп жатқан шақта билік тұрғындарды көпшілік орында маска тағып жүруге, инфекцияның таралуын тежеуге бағытталған өзге де кеңестерге құлақ түруге үндеді.

Ақ үйдің коронавирус жөніндегі жұмыс тобының мүшесі адмирал Бретт Жируа көпшілік орында маска тағып жүруді «аса маңызды қажеттілік» деп атап, маскасыз елде инфекцияның таралуын тежеу мүмкін емес деп мәлімдеді.

АҚШ-та қазірге дейін 135 мың адамның ажалына себеп болған індет әлі өршіп тұр. Әсіресе елдің оңтүстігі мен батысындагі мамырда карантин шарасын босаңсытқан штаттарда жағдай ушығып кетті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 12 шілдеде әлемде бір күнде тіркелген вирус жұқтыр адам саны 230 мыңнан асып, тағы да рекордтық көрсеткішке жеткенін хабарлады. Бірінші орында АҚШ тұр – 66 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған.

Шығыс Еуропа елдерінде де коронавирус індеті өршіп отыр. Венгрия шекарасында шектеу енгізетіні туралы жариялады. Хорватияда 13 шілдеден бастап дүкенге маскасыз кіруге тыйым салынды. Болгария билігі де карантин шарасын қайта енгізді. Үндістан, Оңтүстік Африка республикасы, Иран мен Бразилия да қосымша шектеулер енгізіп, тұрғындарды маска тағып жүруге үндеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58