АҚШ билігі сабағы түгелдей онлайн өтетін шетелдік студенттерді еліне қайтарудан бас тартты

16.07.2020, 02:59

9

АҚШ билігі коронавирус пандемиясына байланысты сабақтары түгелдей онлайн өтетін студенттерді елден кетіру туралы шешімінен бас тартты. Бұл туралы “Америка дауысы” радиосы хабарлады.

Ақ үй мұны шешіміне қарсы тым көп шағым жасалғанымен түсіндірді. Сотқа жүгінгендердің қатарында Гарвард университеті мен Массачусетс технологиялық институты бар. Университеттер президент әкімшілігінің шешімін заңсыз әрі академиялық процеске кері әсер етеді деп мәлімдеген. Сондай-ақ сабақтары онлайн өтетін шетелдік студенттерді еліне қайтаруға 20 штат қарсы шыққан. АҚШ президентінен шетелдік студенттерге қатысты бұрынғы саясатты қалпына келтіруді талап ететін сот шағымдарын Google, Facebook және Twitter секілді ондаған ірі компания, сондай-ақ колледждер мен университеттер қолдады.

Сейсенбі, 14 шілде күні Гарвард университетінің шағымы бойынша өткен сот отырысында Массачусетс штатының судьясы Эллисон Берроуз АҚШ әкімшілігі мен оны сотқа берген екі ЖОО шетел студенттерін еліне қайтаратын шешімді жою туралы келісімге келді деді.

Гарвард басшылығы күзгі семестрді онлайн тәртіпте өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. АҚШ президенті Дональд Трамп оқу кампустарын ашуды талап етіп, Гарвард университенің жоспары “қисынға келмейді” деді.

АҚШ жоғары оқу орындарында миллионнан аса шетел студенті білім алады. Елдегі көптеген университет оқуы үшін ондаған мың доллар төлейтін шетелдіктердің ақшасына зәру.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16