АҚШ денсаулық сақтау министрлігінен кеткен қызметкер Конгресте жауап берді

15.05.2020, 19:19

3

АҚШ-та денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы кеңесшісі Рик Брайт Конгресте жауап берді. Ол Конгреске шағым түсіріп, биліктің коронавируспен күрес бойынша әрекетін сынағаннан кейін қызметінен қуылған.

«Америка дауысы» сайтының жазуынша, заң шығару орган өкілдері сарапшыдан федералдық үкіметтің коронавирус індетімен күрес шаралары туралы сұраған. АҚШ-та коронавирустан 86 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Сұрақтарға жауап берген Брайт күзде коронавирус індеті қайта өршуі мүмкін екенін айтып, Американың денсаулық сақтау саласына теңдессіз салмақ түсуі ықтимал деп топшылады. АҚШ-тың эпидемиямен күрес шараларына тоқталған маман «биліктің бұдан да өнімдірек жұмыс істеуіне болар еді» деді.

«Егер жоспарды қайта пысықтап қарамаса, 2020 жылдың қыс айлары қазіргі заман тарихындағы ең бір ауыр кезеңдердің бірі ретінде есте қалмақ» деді Брайт.

Сарапшының ойынша, АҚШ-қа коронавирусты анықтайтын тестілеудің жалпыұлттық стратегиясы қажет. Оның сөзіне қарағанда маман қаңтар айында денсаулық сақтау министрлігіне коронавирус жұққан науқастарды емдеп жатқан дәрігерлерге қорғаныш заттар жетіспейтінін айтып ескерткен.

«Маска, респираторлар және өзге де қажетті заттарды өндіру көлемін көбейту қажеттігін айттым… Олар менің айтқандарымды елеген жоқ, есесіне коронавирус тақырыбы бойынша жоғары деңгейдегі жиналыстарға шақыруды қойды» деді сарапшы.

Сарапшы коронавирусқа қарсы вакцина жарты жыл мен 1,5 жыл аралығында дайын болады деген болжамға күмән келтірді. Оның айтуынша, бұл уақыт аралығында АҚШ препараттың қауіпсіздігіне көз жеткізе алмайды.

АҚШ әлемде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша алда тұр. Мұнда 1,5 миллионға жуық адамнан коронавирус табылған. 86 мыңнан астам адам қайтыс болған.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04