АҚШ дипломаттары Чэндуден кетпек, Вашингтон мен Пекин арасындағы жағдай одан әрі ушықты

27.07.2020, 21:00

39

Қытай АҚШ-тан Чэндудегі консулдықты жабуды талап еткеннен кейін америкалық дипломаттар кетуге дайындала бастаған. Қытай Америка консулдығына 27 шілдеге дейін ғимаратты босатуға уақыт берген еді. Қытайдың мемлекеттік телеарнасы дүйсенбі күні таңертең АҚШ туының түсіріліп, қызметкерлердің мекемені тазартуға кіріскенін көрсетті. Жергілікті тұрғындар ғимарат сыртына жиналып, Қытай туын ұстап алған кейбірі селфиге түскен.

Вашингтон мен Пекиннің қарым-қатынасы 21 шілде күні АҚШ билігі Хьюстондағы консулдықты жабу туралы талап қойғаннан кейін одан әрі шиеленісті. Америкалық тарап Қытайдың дипломатиялық өкілдігі тыңшылықпен айналысты және интеллектуалдық меншікті ұрлады деп мәлімдеді. Ал АҚШ-тың Чэндудегі консулдығын жапқан Қытай мұны «АҚШ тарабының негізсіз әрекетіне заңды әрі қажетті жауап» деп атаған.

Кейінгі жылдары АҚШ пен Қытай арасындағы байланыс шиеленіске толы болып отыр. АҚШ Қытайды Шыңжаңдағы діні ислам этникалық топтарға қарсы қудалау саясатын, Оңтүстік Қытай теңізіне әскери база салуын, Гонконгтың қауіпсіздігі туралы заң қабылдап, автономия мәртебесі бар қаланың ішкі ісіне араласуын сынап, ел үкіметінің өзіне және шенеуніктеріне санкция жариялады.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11