АҚШ елшісі Қазақстанды адам құқығын жақсартуға шақырды

17.10.2019, 02:00

12

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Вашингтонның Қазақстан билігін адам құқығын жақсартуға табанды түрде шақыратынын мәлімдеді.

Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл наурызда президенттік өкілетін тоқтатқанымен биліктегі «Нұр Отан» партиясының төрағасы және Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде елеулі ықпалын сақтап қалды.

Назарбаевты сынаушылар мен құқық қорғаушылар «бөгде ой-пікірге төзімсіз Назарбаев азаматтарды негізгі құқықтарынан айыра отырып, билігін демократия қағидаларына қайшы жолдармен бірнеше рет ұзартты» деп бірнеше жылдар бойы айтып келеді.

Нұрсұлтан Назарбаев орнына өзімен бірге көп жыл жұмыс істеген Қасым-Жомарт Тоқаевты қалдырды. Батыс бақылаушылары «Тоқаев биыл маусымдағы кезектен тыс президент сайлауына қатысып, ресми мәлімет бойынша 70 пайыз дауыс алған кездегі қарсылық акциялары жаппай ұстауға ұласты» деп сынайды. Халықаралық бақылаушылар 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда бірде бір сайлауды «еркін және әділ өтті» деп бағаламаған.

— Біз адам құқығы туралы үкіметпен [Қазақстанның] үздіксіз сөйлесіп келеміз. Бұл — екі жақтың күн тәртібінде тұрған ең маңызды мәселелердің бірі. Әлгінде айтқанымдай, президент Тоқаев үкіметімен жұмыс істейміз және Қазақстанды адам құқығы жайын жақсартуға қажетті реформалар жүргізуге табанды түрде шақыра береміз, — деді Мозер Азаттыққа берген сұқбатында.

АҚШ елшісінің Азаттық тілшісі Қасым Аманжолға берген сұхбаты

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16