АҚШ федералды деңгейде өлім жазасын орындауға рұқсат берді

27.07.2019, 09:00

2

Америка құрама штаттары федералды деңгейде өлім жазасын орындауға рұқсат берді. 2003 жылдан бері федералды деңгейде өлім жазасын орындау тоқтатылған еді.

АҚШ әділет министрі Уильям Барр бұған дейін кісі өлтіргені үшін айыпты деп танылып, өлім жазасына кесілген бес адамның үкімі биыл желтоқсанда және келесі жылы қаңтарда орындалады деп хабарлады. Қылмыскер қолынан қаза болғандар арасында балалар да бар.

АҚШ билігі 1963-1988 жылдар аралығында өлім жазасын мүлде қолданбаған. Тек 2003 жылы елде қылмыс жасаған үш адам өлім жазасына кесіліп, осыдан кейін федералды деңгейде өлім жазасын орындауға формалды түрде мораторий енгізілген еді. Содан бері тек штат билігі өлім жазасын орындауға пәрмен бере алатын.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Death Penalty Information Center ұйымының мәліметінше, қазір АҚШ-та өлім жазасына кесілген екі жарым мыңға жуық адам қамауда отыр. Ал федералды деңгейде 62 адам бар. Олардың бірі — 2013 жылы Бостон марафоны кезінде жасалған терактіге айыпты деп танылып, өлім жазасына кесілген Джохар Царнаев.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39