АҚШ Федералдық резерв жүйесі базалық мөлшерлемені 0-0,25 пайыз деңгейінде қалдырды

30.04.2020, 12:06

87

АҚШ Федералдық резерв жүйесі базалық пайыздық мөлшерлемені жылына 0-0,25 пайыз деңгейінде қалдырды.

Коронавирус індеті кезінде экономиканы қолдау үшін қаржы нарығын реттеуші орган наурыз айында пайыздық мөлшерлемені жоспардан тыс екі рет азайтқан.

"Қазіргі дағдарыс алдағы уақытта экономикалық белсенділік, жұмыспен қамту және инфляцияға айтарлықтай ықпал етеді. Сонымен бірге орташа мерзімде экономикаға қауіп төндіреді" делінген Федералдық резерв жүйесінің хабарламасында.

Федералдық резерв жүйесі экономика толығымен қалпына келгенге дейін базалық пайыздық мөлшерлеменің деңгейі осы күйде қалады дейді.

Бұған дейін АҚШ-тың жалпы ішкі өнімі алғашқы төрт айда өткен жылмен салыстырғанда 4,8 пайызға азайған болатын. Сарапшылар эпидемия Америка экономикасына толығымен әсер етіп үлгерген жоқ деп санайды.

Коронавирус жұқтырғандар және одан қайтыс болғандар саны жағынан АҚШ әлемде бірінші орында тұр. Мұнда бір миллионнан астам адамға вирус жұққан, 60 мыңнан астам адам қайтыс болған.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58