АҚШ Иранның наразыларға күш қолданып, байланысты шектегенін айыптады

18.11.2019, 20:00

10

АҚШ Иранда бензин бағасының қымбаттауына наразы азаматтарға биліктің күш қолданып, интернет пен мобильді байланысты өшіргенін айыптады. Ақ үй 17 қарашада бейбіт наразылық акциясына шыққан Иран халқын "қолдау" білдіретіні туралы мәлімдеме таратты.

«Демонстранттарға қарсы күш қолдануды және байланысты шектеуді айыптаймыз» деп мәлімдеді Ақ үй әкімшілігі.

Иран үкіметінің бензин бағасын қымбаттатып (бір литр бензин 13 центке қымбаттады), жанар-жағар майды сатуға шектеу енгізуі тұрғындардың наразылығын тудырды. Хабарларға қарағанда, жүзге жуық елдімекенде қарсылық акциялары өткен. Иран билігі жаппай наразылыққа қатаң шара қолданатынын ескертті.

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи 17 қарашада үкіметтің бензин бағасын қымбаттату туралы шешімін қолдайтынын мәлімдеді. Наразылық барысында «бірнеше адам өліп, кей нысандар қиратылғанын» айтқан Хаменеи демонстранттарды «баскесерлер» деп атады. Ол "қоғамға іріткі салған" Иранның «жауларын» айыптады.

Иранның Фарс жаңалықтар агенттігі мыңға жуық адам тұтқындалды деп хабарлады. Мемлекеттік басылымдар «наразылық кезінде жүзден астам банк пен дүкен өртенген» деген ақпарат таратты. Бұған дейін ресми орындар наразылық акциясы кезінде бір адам қаза тапқан деп хабарлаған. Алайда белсенділер бірнеше адамның өлгенін айтты. Ондаған адам зардап шеккен.

Әлеуметтік желілерде жанар-жағар май бекеттері мен банк мекемелері өртеніп, полицейлер мен наразылардың қақтығысқаны туралы видеолар мен суреттер тарады.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34