АҚШ Иранның сыртқы істер министріне санкция салды

02.08.2019, 09:00

3

АҚШ Иранның сыртқы істер министрі Жавад Зарифке санкция салды. Шектеу шарасы Зарифтің АҚШ аумағында орналасқан фирмалардағы немесе америкалық ұйымдағы активтерін бұғаттаумен байланысты. Бұл туралы 31 шілдеде АҚШ қаржы министрлігі хабарлады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы кеңсесінің мәлімдемесінде Иранның ядролық бағдарламасын шектеуді ұлғайту жөнінде де айтылған.

Вашингтон активтерді бұғаттаудан өзге Зарифтің АҚШ-қа баруына да тыйым салмақ. Оның ендігәрі БҰҰ-ның Нью-Йорктегі кеңсесіне ғана баруына мүмкіндігі бар.

Зариф Twitter-де өзін Иранның негізгі өкілі деп түсінгендіктен санкция салды деп айтқан. «Бұл маған және отбасыма әсер етпейді, себебі менің Ираннан тыс жерде меншігім де, мүддем де жоқ» деп жазған.

Биыл мамыр айында Америка мен Иран арасындағы қарым-қатынас одан сайын ушығып, конфронтация ұлғая түсті. Америка Парсы шығанағына әскери кемелерін аттандырды. Иран шығанақтағы Ормуз бұғазын жауып тастауы мүмкін екенін ескертті. Соған қарамастан әзірге екі жақ соғыс ықтималдығын жоққа шығарып, бір-біріне ескерту жасаумен келеді.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04