АҚШ Конфуций институтын "шетел агенті" деп атады

14.08.2020, 13:45

5

АҚШ қытай үкіметінен қаржыландырылатын Конфуций институтын «шетел агенті» деп атап, осындай статусқа ие ұйымдар қатарына қосты. 13 тамыз күнгі мәлімдемесінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео АҚШ-тағы Конфуций институты орталығы Пекин насихатын жүргізіп, елдегі университеттер мен мектептерде "қастық ниеттегі кампаниясын" жүзеге асыруға көмектеседі деді.

"Қытай халық республикасы Американың ашықтығын пайдаланып, осы елде ірі әрі жақсы қаржыландырылған үгіт-насихатын жүзеге асырып, ықпал етуге тырысты" деді Помпео.

Конфуций институты қытай тілі мен мәдениетін әлемге насихаттау мақсатында Қытай университеттері мен дүниежүзінің білім беру мекемелері арасында әріптестік орнатқан. АҚШ-та мұндай 75 институт бар және 65-і университеттер маңына топтасқан. Конфуций институттарымен байланыс орнатқан балабақша мен 12 сыныпқа дейінгі аралықта 500 сынып бар. Шығыс Азия жөніндегі АҚШ дипломаты Дэвид Стивел жаңа ереже негізінен Вашингтондағы Конфуций институты орталығына қатысты дейді.

«Бұл ұйым іс жүзінде АҚШ-тағы Конфуций орталықтарын басқарып, қолдап, қаржыландырады. Біз оны жаппаймыз. Жәй ғана шетел агенті деп атаймыз» деді.

Шетел агенті мәртебесіне ие болған ұйымдар заң бойынша АҚШ мемлекеттік департаментіне қызметкерлері, жылжымайтын мүлік, қаржы, пәндер мен тренинг материалдары туралы есеп беріп отыруы тиіс.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43