АҚШ конгресі Түркияға санкция салуды мақұлдады

01.11.2019, 02:00

10

АҚШ конгресінің өкілдер палатасы Түркияға санкция салуды мақұлдады. Өкілдер палатасы президент Дональд Трампты Түркияның Сирия солтүстігінде күрдтерге қарсы жасаған әскери операциясына байланысты шектеу қоюға шақырды.

Резолюцияны палатаның басым бөлігі қолдады, олардың арасында республикашылдар да бар. Дегенмен Hill басылымының жазуынша, жаңа санкцияны сенаттың қолдай қоюы екіталай. Сенат мүшелері бұған дейін АҚШ-тың НАТО бойынша одақтасына мұндай шара қолданудың қаупі жайлы ескерткен.

Осыдан шамамен екі апта бұрын Трамп Түркияға шектеу қойған, бірақ Анкара әскери операцияны тоқтатуға келіскеннен кейін алып тастаған.

Түркияның сыртқы істер министрлігі бұған дейін АҚШ әрекетін айыптаған. Осы апта басында өкілдер палатасы Осман империясы кезіндегі армяндар қырғынын геноцид деп таныған. Түркия мұны «саяси мақсатқа жету үшін тарихты пайдалануға тырысу» деп атады.

Оқи отырыңыз: Өкілдер палатасы 1,5 миллион армянның қырылуын геноцид деп таныды

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39