АҚШ мемлекеттік департаменті "Атажұрт еріктілері" ұйымының тіркелгенін қолдады

29.09.2019, 07:00

18

АҚШ мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды қызметкері Қазақстан билігінің Шыңжаңдағы аз ұлттардың қысымға ұшырау мәселесін көтеріп жүрген «Атажұрт еріктілері» ұйымын тіркеуден өткізгенін қолдады.

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекші міндетін атқарушы Элис Уэллс Twitter-дегі парақшасында қазақстандық әділет органының әрекетін қолдап, енді бұл ұйым өкілдері Шыңжаңдағы аз ұлттар мәселесін көтеріп «миссиясын жалғастыра алады» деді.

«Мұндай ғаламдық дағдарысқа төтеп беру үшін „Атажұрт“ сияқты халықаралық ұйымдардың үні керек» деді ол.

Осы аптада «Атажұрт еріктілері» ұйымы өздерін Алматы қалалық әділет департаментінің тіркегенін хабарлады. Ұйым бұған дейін бірнеше рет тіркеуге өтініш беріп, тіркеле алмаған еді. Департамент өкілдері"құжаттарының дұрыс емес" екенін айтқан. Сол үшін «Атажұрт еріктілері» қыркүйек айында департаментті сотқа берген, алайда тіркеуден өткені белгілі болғаннан кейін шағымын қайтарып алған.

«Атажұрт еріктілері» ұйымы 2017 жылдан бері алғашқылардың бірі болып, Шыңжаңдағы аз ұлттарға жасалған қысым мәселесін көтеріп, олардың шағымдарын құжатқа түсірумен айналысып келеді.

Ұйым кеңсесінде өткен жиындарда "Қытайдағы "қайта саяси тәрбиелеу лагерьлерінде" қамауда отырғандардың туыстарының арыз-шағымдары айтылып, Қытай билігі қойған шектеулерге байланысты отанына жете алмай отырған этникалық қазақтар мәселесі де көтерілді. «Атажұрт еріктілеріне» лагерьде қамауда болған тұтқындар да хабарласқан.

ВИДЕО: Қытайдағы туыстарын іздегендер тағы жиын өткізді ​(Қараша айы, 2018 жыл):

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title="Қытайдағы туыстарын іздегендер тағы жиын өткізді" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Қытайдағы туыстарын іздегендер тағы жиын өткізді please wait <video poster=«gdb.rferl.org/e7587044-2a5a-4897-8b72-5d1746120d90_tv_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2018/11/e/e7/e7587044-2a5a-4897-8b72-5d1746120d90,_mobile,,_hq,_fullhd,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2018/11/e/e7/e7587044-2a5a-4897-8b72-5d1746120d90.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2018/11/e/e7/e7587044-2a5a-4897-8b72-5d1746120d90_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2018/11/e/e7/e7587044-2a5a-4897-8b72-5d1746120d90_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2018/11/e/e7/e7587044-2a5a-4897-8b72-5d1746120d90_mobile.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2018/11/e/e7/e7587044-2a5a-4897-8b72-5d1746120d90_mobile.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«270p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2018/11/e/e7/e7587044-2a5a-4897-8b72-5d1746120d90.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2018/11/e/e7/e7587044-2a5a-4897-8b72-5d1746120d90.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2018/11/e/e7/e7587044-2a5a-4897-8b72-5d1746120d90_hq.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2018/11/e/e7/e7587044-2a5a-4897-8b72-5d1746120d90_hq.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«720p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2018/11/e/e7/e7587044-2a5a-4897-8b72-5d1746120d90_fullhd.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2018/11/e/e7/e7587044-2a5a-4897-8b72-5d1746120d90_fullhd.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=29615060&SiteId=5&r=874675042&it=0&pd=20181122120100» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title="Қытайдағы туыстарын іздегендер тағы жиын өткізді"> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
Қытайдағы туыстарын іздегендер тағы жиын өткізді
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/29615060.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:01:53 0:00 Жүктеп алу

Бұл ұйымның бұрынғы жетекшісі Серікжан Біләшқа наурыз айында "әлеуметтік алауыздық тудырды" деген айып тағылып, бірнеше ай Нұр-Сұлтанда үйқамақта отырды. Оның ісіне халықаралық ұйымдар реакция білдірді. Қазақстанның түкпір-түкпірінде Біләшті босатуды талап еткен акциялар өтті. Тамыз айында Алматы қаласы Әуезов аудандық соты оны қамаудан босатып, 110 мың теңге (шамамен 288 доллар) көлемінде айыппұл салды. Оған жеті жыл қоғамдық ұйымды басқаруға тыйым салды.​

2017 жылдың көктемінен бастап Қытайдың Шыңжаң аймағында этникалық азшылықтарға, соның ішінде этникалық қазақтарға да қысым көрсетіліп, ел ішінде «саяси лагерь» аталып кеткен жаппай қамау орындары пайда болғаны туралы хабарлар тарай бастаған. Түрлі себептермен Қытайға Қазақстаннан жолаушылап барған қазақтар кері қайта алмай, кейбірін әлгіндей лагерьлерге мәжбүрлеп отырғызғаны туралы шағым айтқан.

Өткен жылы БҰҰ Шыңжаңда билік миллионға жуық этникалық ұйғыр мен өзге де түркітілдес ұлт өкілдерін Қытайдың солтүстік-батысындағы «саяси тәрбиелеу лагерлерінде» мәжбүрлеп ұстап отырғаны туралы мәлімдеген. Бастапқыда этникалық азшылық өкілдеріне қысым жайлы хабарларды терістеген Пекин кейін Шыңжаңда ондай лагерлер барын мойындап, өз саясатын «экстремизмге қарсы шара» деп түсіндірген. Қытай билігі әлгіндей лагерлерді «тіл үйреніп, кәсіпке баулитын» орталықтар деп атаған.

АҚШ пен Батыс елдері Пекиннің Шыңжаңға қатысты саясатын «аз ұлттардың мәдениеті мен дінін жою» амалы деп атады. Жақында АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен кездесуінде Пекиннің этникалық ұйғырларды елдеріне қайтару туралы талабын орындамауға шақырды. Помпео оларды Қытайда қуғындауы мүмкін екенін айтты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42