АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хейл Нұр-Сұлтандағы саммитке қатысады

20.08.2019, 09:00

8

АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хейл 20-23 тамыз аралығында Орталық Азия елдеріне ресми сапармен келеді. Сапардың негізгі мақсаты — 21 тамызда Нұр-Сұлтанда өтетін Орталық Азиядағы бес елдің жоғары деңгейдегі жиынына қатысу. С5+1 деген атаумен белгілі жиын барысында Хейл Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстан сыртқы істер министрліктері өкілдерімен келіссөздер өткізеді.

«Олар Орталық Азиядағы қауіпсіздік, даму және қарым-қатынасты бірлесіп нығайту жайын талқылайды» деп хабарлады АҚШ мемлекеттік департаменті 19 тамызда.

С5+1 форматы 2015 жылы қарашада АҚШ пен Орталық Азияның бес елі арасында экономикалық интеграцияны дамыту, қоршаған ортаны қорғау мен қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешу мақсатында құрылған.

Бұған қоса Хейл Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктерімен «екіжақты кеңейтілген стратегиялық серіктестік және ғаламдық мәселелер бойынша екі ел арасындағы қарым-қатынасты» талқылайды деп хабарланды.

Нұр-Сұлтандағы жиыннан кейін Хейл Ташкентке аттанады. Ол елде АШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Өзбекстанның лауазымды тұлғаларымен кездесіп, екі ел арасындағы қауіпсіздік, білім және сауда қатынастарын дамыту жайын талқыламақ.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05