АҚШ өкілі: Ресейлік сарбаздар коалициямен арадағы хаттама ережесін бұзды

21.02.2020, 23:13

3

Сириядағы Ресей әскерилері халықаралық коалиция күштерімен қақтығысты болдырмау туралы хаттама ережесін бұзды деп мәлімдеді 20 ақпанда «Ислам мемлекеті» террористік тобымен күрес бойынша халықаралық коалицияның өкілі Майкл Кэггинс. Коалицияда АҚШ жетекші рөл атқарады.

Бейсенбі күні Сирия шығысындағы Камышлы қаласында ресейлік «Тигр-М» броньды көлігі америкалық M-ATV Oshkosh техникасын қуып жетпек болып, жолдан өтіп бара жатқан қарапайым Сирия азаматын қағып кете жаздаған. Оқиға орнынан түсірілген видео интернетте тарап кетті.

«Ресейлік сақшы қақтығысты болдырмау туралы ережеге бағынған жоқ, олар америкалық әскерилер операция жүргізіп жатқан аумақтан шығарылды» деді Кэггинс Jerusalem Post басылымына. Оның айтуынша, ресейлік әскерилер үнемі ереже бұзады, дегенмен тараптар арасында байланыс кәсіби дәрежеде өтеді.

АҚШ бастаған халықаралық коалиция 2014 жылы Сириядағы радикалды топтармен күрес бастаған. Коалиция Сирияның демократиялық оппозиция күштерін қолдайды. Ресей Сирияда әскери операциясын 2015 жылы күзде бастаған. Ол президент Башар Асад әскерін қолдап, бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан азаматтық соғыста Асадтың басымдыққа ие болуына ықпал еткен. Батыс Мәскеуді адам құқығын өрескел бұзды деп айыптаған.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04