АҚШ Өзбекстанды дін еркіндігін қатты шектейтін мемлекеттер қатарынан алып тастады

23.06.2019, 03:00

17

АҚШ соңғы 13 жылда алғаш рет Өзбекстанды дін еркіндігін қатты шектейтін елдер қатарынан алып тастады. 21 маусымда әлемдегі діни бостандыққа байланысты баяндамасын таныстырған мемлекеттік хатшы Майк Помпео Ташкенттің осы салада жеткізген ілгерілеушіліктерін атап өткен.

Атап айтқанда, Помпео "Өзбекстан әлі көп жұмыс істеуі керек, бірақ соңғы 13 жылда алғаш рет дін еркіндігі бойынша ерекше алаңдататын елдер қатарына кірмей отыр" деп мәлімдеді.

Ол сонымен бірге «түрлі діни топтар құлшылық рәсімін еркін атқарып, мешіттерде балалар ата-аналарымен бірге құлшылық ете алатындай тіркеу талаптарының өзгертілуін асығыстықпен күтетінін» жеткізген.

Үш жыл бұрын билікке келген Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзияев алдыңғы президент Ислам Каримов жүргізген «оқшаулау» саясатынан елді арылтуға тырысып келеді. Бұған дейін Өзбекстан билігі дінге байланысты айыпталып, сотталған 1,5 мың тұтқынды босатты. Бұған қоса діни көзқарасына байланысты "қара тізімде" болған шамамен 16 мың адамның елден еркін шығып-кіруіне рұқсат берді.

БҰҰ-ның ұсыныстарын енгізу жоспарын мақұлдап, 2018 жылдан бері елде бір шіркеу ресми тіркелген. Мемлекеттік департамент есебінде жоғарыда көрсетілген ілгерілеушіліктерге қарамастан елде діни наным-сенімді шектеу әлі жалғасып жатқаны айтылған.

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті дін еркіндігін қатты шектейді деген мемлекеттер қатарына Иран, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Түркіменстан, Пәкістанды жатқызады. Помпео сонымен бірге «діни наным-сенім құқығын өрескел бұзған» Қытайды да айыптаған. Мемлекеттік департамент баяндамасында Шыңжаңдағы мұсылмандардың қысымға ұшырауы жайлы жеке секция бар. Онда «саяси қайта тәрбиелеу лагерьлерінде» жүздеген мың этникалық аз ұлт өкілдері әсіресе мұсылмандар оның ішінде қазақтар мен ұйғырлар бары айтылады.

Оқи отырыңыз: Қытайдың «саяси қайта тәрбиелеуін» көргендер

2019 жылы сәуір айында АҚШ-тың діни еркіндік жөніндегі комиссиясы (USCIRF) Халықаралық діни бостандық жайлы 2018 жылға арналған есебін жариялаған. Есеп авторлары Қазақстанды «жүйелі, тұрақты түрде дін еркіндігін өрескел бұзатын» елдер қатарына жатқызған. Баяндама авторлары сонымен бірге Қазақстан үкіметінің Қытайдағы мұсылмандарды қудалау кампаниясына "қосқан үлесі" жайлы да жазған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57