АҚШ пен Қазақстан арасы жап-жақын

1 қараша күніАлматы қаласының «Mega-Almaty»сауда-ойын-сауық орталығында АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігініңқолдауымен «Америка мен Қазақстан: сіз ойлағаннан да жақын» аттыфотокөрменің ашылу салтанаты өтеді.
Шараның ашылу рәсіміне АҚШ-тыңҚазақстандағы бас консулы – Эрик Майер, мәдениет пен білім бойынша атташеорынбасары – Стефани Страваче сынды консулдық өкілдері, «National GeographicQazaqstan» журналының шеф-фотограф Ерболат Шадрахов пен жарнама бөлімініңдиректоры әрі аталмыш көрменің жетекшісі Бибігүл Имомбаева мен өзге де арнайышақырылған қонақтар қатысады.
Аты айтып тұрғандай көрменің негізгімақсаты – АҚШ пен қазақ елі арасындағы экономикалық, географиялық, тарихи һәммәдени ұқсастықты қалың көпшілікке таныстыра отырып, қос елдің айнымассеріктес, бірлігі бекем әріптес екенін жеткізу.
Ұйымдастырушы — «National Geographic Qazaqstan» журналымен «Qazaq Geography» РҚБ.
Асау үйрету мен Родео