АҚШ пен Қытай БҰҰ резолюциясы бойынша келісімге келе алмады

10.05.2020, 16:49

26

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің коронавирусқа байланысты резолюциясының қабылданбауына Қытай мен АҚШ дипломаттары арасындағы келіспеушілік себеп болып отыр деп хабарланды. Екі мемлекет дипломаттары резолюцияда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын (ДДСҰ) атау мәселесіне келгенде ортақ мәмілеге келе алмаған.

АҚШ Қауіпсіздік кеңесінің құжатында ұйымға сілтеме жасалмағанын қалайды. Ал Қытай ДДСҰ атын қалдыруды талап етіп отыр.

Аты-жөнін атамаған бірнеше дипломатқа сілтеме жасаған Reuters агенттігінің жазуынша, мәселе пандемия кезінде қақтығысты тоқтату туралы БҰҰ қарарында болып отыр. Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесі 23 наурызда БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш алғаш рет қозғаған індет кезінде атысты тоқтату туралы қарар мәтінін келісуге тырысқан. Резолюцияда ДДСҰ орнына “маманданған денсаулық сақтау мекемесі” деген сөз қолданылған. Бірақ АҚШ бұл ДДСҰ-ны тікелей меңзейді деп тұжырыммен келіспеген.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелеріне Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ және Франция кіреді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп ДДСҰ-ны "өз міндетін дұрыс атқармады, індеттің тарауына жол берді" деп айыптап, ұйымды қаржыландыруды уақытша тоқтатқан. Президенттің пікірінше, БҰҰ құрылымына қарасты ұйым Қытайдан түскен хабарламаларды мұқият зерттеген болса, індеттің тарауына жол бермей, талай адамның өмірін сақтап қалар еді. Ал БҰҰ-ның бас хатшысы Антонио Гутерриш қазір коронавируспен күресіп жатқан кез келген гуманитарлық ұйымды қаржыландыруды тоқтатын мезгіл емес деп мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруды тоқтатты

АҚШ билігі коронавирустың жаңа түрі Қытайдың Ухань қаласындағы зертханадан кездейсоқ тараған болуы мүмкін деп болжайды. Пекин мұны жоққа шығарады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42